Басты бет > Хабар > Шымкент қаласы әкімдігі мен мәслихат депутаттары қала мәртебесі туралы бірлескен шешім қабылдады

Шымкент қаласы әкімдігі мен мәслихат депутаттары қала мәртебесі туралы бірлескен шешім қабылдады

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға ОҚО әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев, қалалық мәслихаттың депутаттары мен қала активі қатысты. Сессияда Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге ұсыныс жасау туралы бірлескен шешімге қол қойды. Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына ұсынылады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы №№2572- ХІІ «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңында республикалық маңызы бар қалаларға халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдiмекендер жатады деп көрсетілген.

   

Халық қалаулыларының алдында сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев «Сессияда тарихи құжатқа қол қойылды, бұл Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуда ауқымды жұмыстың бастауы болды» деп атап өтті. Республикалық маңызы бар қала мәртебесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Мұндай өзгеріс қаланың дамуына, сондай-ақ, мегаполистің әр тұрғынына да оң әсер алып келеді.

– Алда жоспар көп, олардың барлығы мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының қолдауымен ғана жүзеге асады, – деген Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев сессияны қорытындылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.