Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫҒА БІР КҮНДІК ЖАЛАҚЫЛАРЫН АУДАРДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫҒА БІР КҮНДІК ЖАЛАҚЫЛАРЫН АУДАРДЫ

деп хабарлайды қалалық Шымкент келбеті газеті.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен әкімдіктің басшылық құрамы Астанада өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасына бір күндік жалақыларын аударды.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. Ең кішісі небәрі үш айда болған. Кеше балаларды елордалықтар ақтық сапарға шығарып салған еді.

Қазіргі таңда қаза тапқан балалардың ата-анасымен психологтар және әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істеуде.