Басты бет > Білім > Шымкент қаласы әкімдігінде — кадрлық тағайындаулар

Шымкент қаласы әкімдігінде — кадрлық тағайындаулар

38
views

Шымкент қаласы ішкі саясат дәне дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Мұрат Базарқұлов тағайындалды.

Мұрат Серікбайұлы — 1980 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – саясаттанушы, заңгер.

 

Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған.

 

2005-2009 жылдары — ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы.

 

2009-2010 жылдары ОҚО тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

 

2018 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.

 

Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әлия Шалхарова тағайындалды.

 

Әлия Шалхарова 1977 жылы ОҚО Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

 

Мамандығы бойынша — педагог-хореограф, психология мұғалімі, экономика және бизнес маманы.

 

Еңбек жолын 1998 жылы «Сафар» Өзбекстан Корея бірлескен кәсіпорны би ұжымының басшысы болудан басталған.

 

1999 жылдан 2000 жылға дейін — «RT-USA» балет тобының менеджері. Өзбекстан Республикасы клубтық спорттық хореография кооперативі кешенінің көркемдік жетекшісі.

 

2004-2006 жж — Өзбекстан Республикасы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі.

 

2006-2014 жж — «RAQS TEATRI OFARIN» би театрының директоры, көркемдік жетекшісі.

 

2016-2018 жж — ОҚО мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» МКҚК-ның директоры.

 

 

 

Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Марат Оразәлі тағайындалды.

 

Марат Оразәлі 1972 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар.

 

Еңбек жолын 1993 жылы шаруа қожалығының меңгерушісі, кейіннен ҚР ОҚО шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің бас маманы болып бастаған.

 

1995-1996 жж — ОҚО туризм және спорт басқармасының жетекші, кейіннен бас маманы.

 

1996-1998 жылдары — ОҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің кеңесші-инспекторы. Бұған қоса ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тәжірибесі бар.

 

Соңғы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент басшысының орынбасары — тәртіптік кеңестің төрағасы лауазымын атқарып келді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *