Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Мөлдір Кеуенова тағайындалды.

Мөлдір Тұрсынбекқызы 1985 жылы ОҚО Төлеби ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тарих және құқық негіздері» факультетін тәмәмдағаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент университеті «Тарих және география» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің әкімшілік және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс секторының жетекші маманы, бас маманы, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2016-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының орынбасары лауазымына тағайындалып, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі және әкімшілік құқық салаларына басшылық жасауда.

Медиаон ақпарат