Басты бет > Мәдениет > Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг берді

Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг берді

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Ақпараттық коммуникациялық орталық», «Дін мәселелерін зерттеу орталығы», «Шымкент ақпарат орталығы», «Рухани жаңғыру кеңсесінің жұмыстарын үйлестіріп отыр.
Басқарманың бастамашы болуымен ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы жылғы Жолдауы аясында қала тұрғындарымен 125 кездесу өткізіліп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты. Басқарма идеологиялық жұмыстардың басым бағыттары ретінде Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді айқындап алып отыр.
Әсіресе, азаматтық қоғам институттарымен байланысты нығайту, қоғаммен кері байланысты орнықтыруға басымдық берілген. Басқарма қалада жұмыс істеп отырған 6 саяси партия филиалдары, жалпы тіркелген 400-ден астам үкіметтік ұйымдардың ішіндегі белсенді жұмыс атқарып отырған 90-нан астам қоғамдық ұйыммен 8 бағыт бойынша тығыз байланыста жүргізуде.
Жуырда қала әкімі Е.Айтаханов азаматтық сектор белсенділерімен ашық форматта кездесу өткізіп, ұсныстарын тыңдап нақты проблемалық мәселелер бойына іс-жоспары түзілді. Соның бірі-үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстарды жандандыру мақсатында «Азаматтық орталық» ашу көзделіп отыр.
Жалпы, биыл үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 57 іс-шара өткізіліп, 5 бірлескен жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Азаматтық сектор өкілдерімен «ӘРЕКЕТ» жобасы аясында семинар ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 172 мың адамның қатысуымен 300-ден астам іс-шара өткізілді. «Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен 6 жоба іске асырылды.
Мемлекеттік рәміздерін қолдануына, насихатталуына және стандартқа сәйкестігіне мониторинг жүргізіліп, тиісті талаптарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылуда.
Қала әкімдігінің «Shymkent.gov.kz» ресми сайтында әкімнің «Виртуалды қабылдау» блогы іске қосылып, БАҚ-та жарияланған резонансты материалдар бойынша «кері байланыс» жүйесі қолға алынған.
Қалада әрекет ететін 155 БАҚ қызметіне мониторинг жүргізіліп, тиісті заң талаптары бұзылған 7 факт бойынша шаралар қабыладанып, заңның орындалуы қалпына келтірілді.
Мемлекеттік атқарушы органдар қызметінің жариялығын қамтамасыз ету бағытында қала әкімдігінде ақпараттық-коммуникациялық орталық ашылып, жыл басынан бері БАҚ өкілдеріне арналған 44 баспасөз-конференциясы өткізілді.
Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыты бойынша қаладағы тіркеуден өткен 135 діни бірлестіктер және филиалдарымен ықпалдастық жолға қойылған.
Басқарма жанындағы ақпараттық-түсіндіру топтарымен түрлі бағыттағы 325 кездесу өткізіліп, оларға барлығы 65 мыңға жуық шымкенттіктер қамтылды.
Басқарманың ықпалымен 104 мешітте бейнебақылау камералары орнатылып, мешітке келушілердің қаупсіздігі назарға алынды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы 4 негізгі міндеттер басшылыққа алынған.
Басқарма тарапынан қоғамның барлық саласын қамтыған 5 тақырыптағы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оларға барлығы 3600 респондент қамтылды. Әлеуметтанушылық зерттеулер бойынша қоғам тұрақтылығына ықпал етуші факторлар ретінде азық-түлік өнімдері мен тауарлар құнының өсуі, көпбалалы аналардың мәселесі және оларға әлеуметтік көмектің тағайындалуы, сыбайлас жемқорлық мәселесі және тұрғын үйге байланысты шиеленістер айқындалған. Талдау қорытындысы салалық атқарушы мемлекеттік органдарға жіберілді.
Діни тұрақтылық мәселесі бойынша барлығы 400 респонденттің қатысуымен социологиялық зерттеу жүргізіліп, тұрғындардың діни наным-сенімі, дәстүрлі дінге көзқарасы, радикалды діни ұйымдарға байланысты ұстанымдары сарапталды.
Алдағы кезеңде басқарма тарапынан атқарылатын жұмыстар:
– Қала көшелеріндегі билбордтарды қазақ ойшылдары мен өмірден өткен және көзі тірі ақын жазушыларымыздың ұлағатты сөздерімен безендіру шарасы қолға алынып, қазіргі таңда қаланың негізгі көшелеріне 70 жуық жаңа үлгідегі билбордтар орнатылды; – Алаштың ардақтылары мен қазақтың алып тұлғаларын ұлықтау мақсатында С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың 125 жылдықтарына орай республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланып отыр;
– Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру және азаматтық институттарды дамытуда «Шырайлы Шымкент: Береке басы – бірлік», «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі», Шымкент – мәдениет пен өркениеттің орталығы» форумдарын өткізу;
– «Рухани жаңғыру» қалалық кеңсесіне арнайы ғимарат бөлу;
– «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» семинар-тимбилдингін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру іс-шараларын өткізіледі;
– Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Бас муфтий кеңесшісі Алтынбек Ұтысхан мен дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайдың қатысуымен «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның ролі», «Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар» семинарлары өткізіледі, «Қазақстандағы дін аралық қарым қатынастарды дамыту» дөңгелек үстел мәжілісін, үкіметтік емес ұйымдары мен БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру семинар-тренингтер ұйымдастыру;
– «Таза қала» акциясы аясында «Үздік аудан», «Үздік аула», «Үздік көше» номинацияларын тағайындау;
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!», бастауыш ардагерлер ұйымдары арасында және Шымкент қаласының көрікті жерлері бойынша «Объектив – 2019» байқауларын, қаланың киелі орындарына экспедиция мен экскурсиялар циклін ұйымдастыру;
– «Ontustik» телеарнасында «Сындарлы қоғамдық диалог» телебағдарламасын тұрақты шығару;
– БАҚ өкілдері арасында «Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы», «Үздік номинациялар – 2019» шығармашылық байқауларын, спартакиада өткізу;
– 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай фотокөрме ұйымдастыру жоспарланған.
Ал, келесі жылға ұлы ақынымыз Абайдың – 175 жылдығы мен ғұлама ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай әдеби эстафета, ғылыми конференция, форумдар мен дөңгелек үстелдер, пәндік олимпиадалар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ақпараттық қолдау мақсатында арнайы лоттар бөлініп, насихаттық жұмыстар жүргізілетін болады (постер, инфографика, қысқа метражды роликтер, бейне анонстар, топиктер, баннерлер және т.б.).
Алдағы өтетін байқаулардың ережелері:
Байланыс және ақпарат қызметкерлері арасында «Үздік номинациялар – 2019» байқауына БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылдың 07 желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін тапсыруы керек.
«Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» шығармашылық байқауына 2019 жылдың 04 қазанынан – 07 желтоқсанға дейінгі электронды және баспа БАҚ-та жарияланған немесе көрсетілген шығармашылық жұмыстар қабылданады. Ұсынылған жұмыстар «Рухани жаңғыру» мемлеккеттік Бағдарламасының: 1) «Бәсекелік қабілет», 2) «Прагматизам», 3) «Ұлттық бірегейлікті сақтау», 4) «Білімнің салтанат құруы», 5) «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», 6) «Сананың ашықтығы» бағыттарына сәйкес Шымкент қаласы бойынша материалдар қабылданады. Әрбір қатысушы немес ұжым аталған алты бағыттың әрқайсысына тек бір ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алады.
Шымкент қаласы мен Түркістан облысы БАҚ өкілдері арасында өтетін дәстүрлі Спартакиада шағын футболдан және волейболдан өтеді. Спартакиадаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелері қатыса алады. Өтініш беруші ұжымдарға шектеу қойылмайды. Қызметкерлері көп мекемелер бірнеше командаға бөлініп қатысуына болады.

Медиаон ақпарат