Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстар туралы

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстар туралы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» жобасы 5 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда:
1. «103 – Жедел медициналық қызметін жаңғырту».
Жоба «103» қызметін заманауи жабдықтармен және арнайы автокөліктермен материалдық-техникалық жарақтандыруды және бірыңғай Call – орталық құруды көздейді.
2. Кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу.
Жоба медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарықтандыруды көздейді. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда жұмыс орындарын компьютерлік техникамен жарақтандыру үлесі – 63 %, интернет жүйесіне қосылған ұйымдардың үлесі – 100 %, жергілікті ақпараттық жүйелермен қамту деңгейі – 100 %, электрондық түрде есепке алу – есеп беру ақпаратын жүргізуге көшкен денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 33 %, халықты электрондық денсаулық паспорттарымен қамту деңгейі – 83 % және электрондық рецептердін үлесі – 55 % құрайды.
Білім беру саласы бойынша 2 жоба:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін автоматтандыру.Жоспар бойынша ТжКБ ұйымдарында гранттарды қалыптастыру және бөлуді, құжаттарды қабылдауды автоматтандыру, электрондық журналды енгізу, оқытушылар мен аудиториялық қордың жүктемесін басқару көзделген.
2. IoT әлеуметтік элеметтерін нысандарға енгізу. Бұл жоба әлеуметтік объектілерде (мектептер, балабақшалар және ауруханалар) жылыту маусымының мониторинг процесін автоматтандыруды қарастырады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 3 жоба:
1. «Ақылды квартал» жобасы. Жобаның мақсаты – көпқабатты тұрғын үйлерде деректерді беру және «E-Shanyrak» АЖ-мен интеграциясы бар үйге ортақ есептеу құралдарын орнату.
2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды диспетчерлендіру. Жобаның мақсаты – қатты тұрмыстық қалдықтардың уақтылы әкетілуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету, арнайы автокөліктердің қозғалысын және тиімді пайдаланылуын есепке алу.
3. «Ақылды көшені жарықтандыру» жобасы.
Жобаның мақсаты – қаланаң 214 көшесінде ақылды жарықтандыру жүйесін орнату.
Көлік саласы бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда:
1. Қоғамдық көліктерде электрондық билет беру жүйесін енгізу жобасы.
Жобаның мақсаты – қоғамдық көліктерде SMS, QR код және электрондық төлемді енгізу. Бүгінгі күні жоба аясында 3 бағыттағы 30 автобусқа SMS және QR коды арқылы электрондық төлем жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылды.
2. «Ақылды тұрақ» жобасы. Жобаның мақсаты – автоматтандырылған ақылы тұрақ ұйымдастыру, тез және ыңғайлы тұрақ орындарын табу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автокөлікті тұраққа қоюды автоматтандыру және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту.

Қауіпсіздік саласы бойынша 1 жоба жүзеге асырылуда:
«Сергек» интелектуалды бейнебақылау жүйесі.
Жобаның мақсаты – бақылау учаскелерінде жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылау, іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыру, апатты жағдайларды төмендету. Бүгінгі күні мемлекеттік жеке әріптестік жобасы аясында 29 объектіде «Сергек» камерасы орнатылды.

СОНЫМЕН ҚАТАР, ҚОСЫМША КЕЛЕСІДЕЙ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА:
Әлеуметтік салалар бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда:
1. «MEYIRIM. KZ» электрондық қайырымдылық порталы.
Жобаның мақсаты – бірыңғай қайырымдылық порталын құру. Сонымен қатар, қайырымдық қорларын, қайырымдылыққа қаражат беруге дайын адамдар мен электронды алаңда көмекке мұқтаж адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді.
2. «ELKOMEK. KZ» әлеуметтік порталы. Жобаның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бірқатар сервистерді автоматтандыру болып табылады, атап айқтанда әлеуметтік такси шақыру, сурдо, тифлоқұралдарды жеткізу және т.б.
Қалалық басқару бойынша:
«109» бірыңғай байланыс орталығын енгізу жобасы. Жобаның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы бірыңғай Call – орталығының тәжірибесі бойынша Шымкент қаласында «109» I–кomek бірыңғай байланыс орталығын енгізу.
Бизнес саласы бойынша:
«Туристік портал» сервисін енгізу. Портал жалпы туристік ақпаратты 3 тілде ұсынады. Жобаны жүзеге асыру турларды, маршруттарды, қонақүйлерді, гид–экскурсоводтар және аудармашыларды іздеу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша:
«Ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологияларды қолдану».
Жобаның мақсаты – жеке инвестиция есебінен өнеркәсіптік жылыжай мен қарқынды алма бағын енгізу. Бүгінгі күні «Трейд Агро Инвест» және «Керемет Сапа» ЖШС-да пайдалануға беріліп, «Колесников» ЖК-де іске асырылу сатысында.
«Цифрлық Қазақстан» МБ-мен қарастырылған салалар бойынша:
1. Ғимараттарда QR – кодтарды орнату.
Қаланың бір ауданы бойынша аяқталу сатысында, қалған үш ауданда кесте орнату үшін өнім берушімен шарттар жасалды.
2. «Электрондық архивті» енгізу жобасы. Бағдарламалық сүйемелдеу ҚР мәдениет және спорт министрлігі тарапынан болады. Шымкент қалалық мемлекеттік архиві 2019 жылдың 3-тоқсанында қосылатын болады.
3. ЕРАП жүйесін енгізу.
Жобаның мақсаты – полиция қызметкерлерін принтерлі плашеттермен 100% жабдықтау. Жоба аяқталды.

Слайды универсал