Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы: төтенше жағдайлар департаментінің жаңа жылдық мереке күндері атқарған жұмыстары туралы баспасөз брифингі өтті

Шымкент қаласы: төтенше жағдайлар департаментінің жаңа жылдық мереке күндері атқарған жұмыстары туралы баспасөз брифингі өтті

 

Жаңа жылдық мереке қарсаңында қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында үгіт-насихат және халықтың арасында түсіндірме жұмыстары ірі сауда орталықтарында, базарларда жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаменті  қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып жүргізді. Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп 2019 жылғы 13 желтоқсаннан бастап рейдттік іс-шаралар жүргізіліп, 1885 пиротехникалық заттар тәркіленіп, 7 әкімшілік іс қозғалған. Өткен 2018 жылы осы бағытта 17 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 10 әкімшілік іс қозғалып, 283 625 теңгеге айыппұл салынды. Рейдтік іс-шара барысында 50 қорап, 2520 пиротехникалық заттарды тәркілеуге алған.  

 Жаңа жылдық мереке күндері өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген түрде қызмет атқаруға ауыстырылды. 2020 жылғы 1-4 қаңтар аралығында өрт сөндіру бөлімдері 17 рет шығу жасады. Барлық жағдайда үйлердің ауласында, қоқыс контейнерлерде қоқыстар жасады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар болған жоқ. ТЖ департаменті қызметкерлердің жүргізген үгіт-насихат жұмыстардың нәтижесі ретінде соңғы 2 жыл ішінде пиротехникалық заттардан зардап шеккен адам тіркемегендігін және халықтың арасында қауіпсіздік мәдениеті жоғары екендігін атап өтуге болады.  

Шымкент қаласы аумағынан ұзындығы 34 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді. Шымкент қаласының Полиция департаменті ауа райы нашарлаған жағдайда жол қозғалысын тоқтату үшін 3 бағытта (Шымкент-Алматы, Шымкент-Ташкент және Шымкент-Қызыл-орда) жұмыс жасады. Жаңа жылдық мереке күндері Шымкент қаласы бойынша 3 дауылды алдын алу ескертулер (тұман) болды, республикалық маңызы бар жолдар жабылған жоқ, жолдарда ешқандай төтенше жағдай орын алған жоқ.

 «2019-2020 жылдары қыс мезгілінде төтенше жағдайларға дайындық туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы №948 бұйрығына сәйкес қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларға байланысты жағдай қиындаған кезге Шымкент қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары   дайындыққа келтірілді: 27 техника және жеке құрамнан 620 адам, оның ішінде «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ – 30 техника және жеке құрамнан 200 адам; жедел-құтқару жасағы — 17 техника және жеке құрамнан 90 адам; медицина апаттар орталығының филиалы – 2 техника және жеке құрамнан 7 адам.

Медиаон ақпарат