Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы туризм басқармасы брифинг берді

Шымкент қаласы туризм басқармасы брифинг берді

Бүгін 3 шаһардың туризмі жайында Шымкент қаласының туризм басқармасы БАҚ өкілдеріне брифинг берді.  Бүгінде аталмыш басқармада штаттық құрылымы бойынша 9 бірлік мемлекеттік қызметкер және 5 штаттан тыс қызметкері бар. Басқармада: туристік саланы дамыту бөлімі, туристік өнімді қалыптастыру және маркетинг бөлімі, әкімшілік бөлімі құрылған. Мекеме Туризм саласындағы көрсеткіштерге мониторинг жүргізіп отырады. 2018 жылғы қорытынды көрсеткішке сәйкес «Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы» нысаналы индикаторы бойынша өсім 29%-ды құрайды.
2019 жылдың 6 айында қалаға келушілер саны 111 591 адамды жетіп, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (82 897 адам) 34,6%-ды құрады:
– ішкі туризм бойынша келушілер саны 97 418 адам, өткен жылмен салыстырғанда (74 073 адам) 31,5%-ға артып отыр;
– кіру туризмі бойынша келушілер саны 14 173 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (8 824 адам) 60,6%-ға артып отыр.
2019 жылдың басынан бастап келесі бағытта жұмыстар жүргізіліп отыр:
Бірінші. Туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында туризм басқармасының ұсынысымен Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік деңгейдегі ТОП-50 Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне «Ескі қалашық» кешені енгізілген.
Екінші. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2GIS электрондық навигациялық жүйесіне енгізілетін «Сайрамның сакралды объектілері», «Жастарға арналған», «Фотоаймақтар» және т.б. жаңа дербес бағыттар әзірленді.
Сервисті жақсарту мәселесі бойынша туризм саласында кәсіби кадрларды даярлау мәселесі маңызды болып табылады. Қоғам белсенділері, туризм мамандары, туризм инструкторлары тарапынан Шымкент қаласында «Жас туристер станциясын» құру ұсынылып отыр және оны жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын.
Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қаламыздағы такси көлігінің қызмет сапасын арттырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Taxi» ассоциациясының үлгісінде таксомоторлы компанияларды бірегей ассоциацияға біріктіру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, такси көліктерінің бірыңғай стилі әзірленіп, компания өкілдеріне ұсынылды. Өз кезегінде таксомоторлы компания басшылары бірыңғай стильде көліктерін безендіруге дайын.
Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін басқарма тарапынан бірқатар жарнамалық ақпараттық материалдар шығарылуда. Атап айтқанда, «Шымкент 24 сағатта», «Шымкент. Тарих ізімен», «Балаларға арналған Шымкент» тақырыбында 60 мың бүктеме, 77 мыңнан астам туристік карталар, «Шымкенттегі үлкен экскурсия» 350 кітапшасы шығарылды.
«SCAT» әуекомпаниясының «Аспан» борттық журналында ай сайын Шымкент қаласы туралы мақалалар жарық көруде, әуеборттарында аудиохабарламалар жарияланып, орындықтың артқы қалтасында Шымкент туралы бүктемелер орналастырылды. Одан бөлек аталған бүктемелер қаладағы туристік индустрия объектілеріне қойылды (қонақ үйлер, туристік ұйымдар, мұражайлар және т.б.)

Медиаон ақпарат