Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы өткен баспасөз брифингіндегі мəлімдемесі

Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы өткен баспасөз брифингіндегі мəлімдемесі

Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылыс саласында белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың бас жоспарын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді. Спикер: басқарма басшысы Ж.Байымбетов
2019 жылы 6 айда басқарманың құзыретіне сәйкес 19029 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»-19;
Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру-18165;
Эскизді (эскиздік жобасын) келістіру-173;
Сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру-629;
Жарнама құрылғыларына рұқсат берілген нысандар саны-17;
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру-26

СЫРТҚЫ ЖАРНАМА НЫСАНДАРЫ БОЙЫНША:
2019 жылы 6 айда басқарма мамандары мен аудан әкімдіктері бірлескен жұмыс нәтижесінде 4 аудан бойынша рұқсатсыз орналасқан 265 жарнамалық қалқандар орнынан алынды. Орталық көше бойында орналасқан жарнама құрылғыларды заманауи талаптарға сәйкес (LED-экрандар) орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Сыртқы жарнама нысандары бойынша өндірілген салық көлемі ағымдағы жылдың 6 айында-126 363 745 теңге өндірілді. Құрылысы аяқталған 4282-жеке тұрғын үй, 315-коммерциялық нысан, 21-мемлекеттік нысандар пайдалануға қабылданды. Қала аумағында заңсыз және заң талабы бұзылып салынған құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, 104 нысан анықталды және құзырлы мекемеге жолданды.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР:
Бас жоспарға сәйкес қала аумақтарына жасақталған жобаларынаң саны -73. Жалпы қаланың құрылыс салу жоспарланған аумағының 90 пайызы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылған. 2019 жылы 7 аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жасақталуда.
2019 жылға жергілікті бюджеттен жоғарыда аталған жұмыстарды жалғастыруға 77 млн. теңге қарастырылып, 32500 га аумаққа түгендеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Қаланың 8500 га аумағы 1986 жылы Кеңес Одағы кезінде түсірілген 1:500 қамтылған. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қарастырылып, 49500 га аумаққа топографиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы 117 000 га аумаққа 1:500 масштабта топографиялық зерттеу қамтамасыз ету сметалық құжатқа сәйкес 3 млрд. 736 млн. теңгені (1 га аумақ 35-40 теңге) құрайтын. Бүгінгі таңда мердігер топографиялық зерттеуді 1 га аумаққа 1:500 масштабта 5 мың теңгеге жүргізуде.
2018 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 46-қадамына сәйкес «Электронды архитектура» жүйесін басқармада жүзеге асыру бойынша «Геосервис» ЖШС-мен 24 млн. 833 мың теңгеге келісім-шарт құрылып, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұл электронды бағдарлама мемлекеттік қызмет алушыларға және мемлекеттік қызмет көрсетушілерге уақыт тиімділігімен қағаз бастылықты азайтуға, әрі сапалы қызмет көрсетуге оң әсерін беруде.
Мысалы: Регламент бойынша мекенжай анықтамасын беру 7 күн, нақтылау 3 күн болса, «halyksaulet» жүйесі арқылы 15 минутта алу мүмкіндігі бар. Жалпы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап 498 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Осы бағытта цифрлық форматта жұмыс жүргізу бойынша, шамалап 3 ай көлемінде қағаз шығынына 150 000 теңге, катриж бояуы мен жөндеу жұмыстарына 28 000 теңге және 1 маман (әдіскер) айлығына 165 000 теңге үнемделді. (Жалпы 3 айға 348 000 теңге үнем).
Сонымен қатар, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге техникалық шарттарды монополист мекемелерден (газ,су,свет) электронды түрде алуға әзір. ҚазТрансГаз мекемесінің басшылығымен бірнеше рет әкім орынбасары мен цифрландыру басқармасының басшысымен бірлесе жиналыстар өткізілді. Бірақ, осы күнге дейін ҚазТрансГаз мекемесінен бұл жүйеге қосылу бойынша ешқандай шаралар қабылданбай отыр.
Сондай-ақ Жер Кодексінің 43,44-1,48,49.1- бабтарына сәйкес әзірленетін қалақұрылыстық қорытындыларын электронды түрде ұсынуға басқарма әзір. Бірақ Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы (Жеркадастр) арасында жер телімдері бойынша берілген мемлекеттік актілерін координаттары арқылы нақтылап бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.

ҚАЛАҒА СӘУЛЕТТІК КӨРІК БЕРУ БОЙЫНША:
Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасы бойынша төрт аудан әкімдерімен бірлесе отырып, аудан аумағындағы орналасқан көшелердің қасбеттері мен абаттандыру жұмыстарына эскиздік жобалар әзірленіп, ұсынылды.
Қаладағы ескі аялдамаларды жаңарту мақсатында бірнеше нұсқада эскиздік жобалар ұсынылды.
Қошқар-ата өзенінің аумағын ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарын (30м) жүргізу бойынша эскиздік жобалар ұсынылды.
Қабанбай батыр көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін қалпына келтіру бойынша және көше бойын аббаттандыру бойынша эскиздік жобалары әзірленді.
Нұрсат ш.а аумағына Ж.Шаниннің мүсініне ұсыныс жобасы әзірленді.
Нұрсат ш.а., Түркістан сарайы аумағына Домбыраның мүсіні әзірленді.
Ескі қалашық аумағын қайта құрылымдау және абаттандыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Ескі қала аумағындағы тозығы жеткен 29 га аз қабатты үйлердің орнын көп қабатты жаңа тұрғын үйге айналдыру бойынша эскиздік ұсыныс жасалды.
(1 мектеп, 1 бала-бақша қарастырылған).
Темір жол бекетінің алдындағы дүңгіршіктерді орнында қалдыру бойынша эскиздік жобасы әзірленді. Әуежайды қайта құрылымдауға эскиздік жобасы ұсынылды. Шымкент-Сити қалашығында 420 га аумаққа 9-12 қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар және 47 га аумаққа саябаққа эскиздік жоба ұсынылды.