Басты бет > Спорт > Шымкент қаласы спортшылар қауымының мәлімдемесі

Шымкент қаласы спортшылар қауымының мәлімдемесі

Шымкент қаласының спортшылар қауымы 23 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясының съезінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындығы жөнінде мәлімдейді.

Елбасы өзінің 19 наурыздағы мәлімдемесінде жас ұрпаққа болашақтың алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіну қажеттігін ұқтырды.
Осы орайда, біз, Шымкент қаласының спортшылары, Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыруға дайынбыз!
Мемлекет тарапынан спорттық инфрақұрылымды дамытуға тиісті көңіл бөлініп отыр. Бұл шаралар халықтың спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын сақтауына оң септігін тигізеді деп санаймыз.
Біз билік сабақтастығы мен еліміздің баянды болашағы үшін 9 маусымда өтетін Президенттік сайлауға барша қазақстандықтарды қатысуға шақырамыз.

Медиаон ақпарат

Фото ғаламтор желісінен