Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы есеп береді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы есеп береді

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! 2019 жылдың 14 ақпаны күні сағат 12:00-де Шымкент қалалық орыс драма театрының ғимаратында (Әл-Фараби алаңы, 6) қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Мұсаәліұлы Жұмаханбетовтың тұрғындарға есеп беру кездесуі өтеді.

Есептік кездесуге дайындық аясында қала тұрғындарынан сұрақтар қабылданады. Сұрақтар 97-66-37, 97-65-27 телефондары арқылы 4 ақпаннан 13 ақпан күні сағат 13:00-ге дейін қабылданады.

Медиаон ақпарат