Басты бет > Қоғам > Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

18
views

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді  алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы 2018 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11.00-де Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10  мекен-жайында орналасқан Әкімшілік іскерлік орталығының ғимаратының үлкен залында  өтетіні туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына  келесі мәселелер ұсынылады:

  1. Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
  2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының есебі туралы.
  3. Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының есебі туралы.
  4. Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының есебі.
  5. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриальды-инновациялық даму басқармасының есебі туралы.
  6. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

және басқалар.

 

          Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы                                                      Н. Бекназаров

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *