Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы брифинг берді

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы брифинг берді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту бағытында мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға баса мән беру керектігін атап өтті.

2019 жылдың 24 қыркүйегіне дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға 74 520 отбасынан өтініштер түсті. Бүгінгі күнге 62 731 қаралып, 52 874 отбасыға 44,6 млрд. теңге тағайындалды. Одан 44 184 отбасыға немесе 218 524 адамға 14,2 млрд. теңге төленді. 9 801 өтініш (15,6%) кері қайтарылды.

Қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда (10,8 мың отбасы) 6,9 есеге артты.

Көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылуға жататын 18 859 адаммен әлеуметтік келісім шарттар толық (100 пайыз) түзілген (базаға енгізілгені – 16 030). Олардың 4 577 жұмысқа орналастырылды (өздігінен жұмысқа орналасқандар – 3 801, жұмыспен қамту орталығы арқылы оналасқаны – 776 адам).

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 7 596 отбасының табысын жасырғандығы анықталып, 2 149 отбасыға 1 530 млн. теңгеге тағайындалған төлемдер толық тоқтатылды. Оның 70,6 млн.теңгесі бюджетке қайтарылады. Бүгінгі таңға 271 отбасыға хабарландырулар таратылып, оның ішінде 3 отбасы 828,4 мың теңге өз еркімен бюджетке қаржысын қайтарды.

5 447 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 5 358 отбасының төлемдері қайта есептеліп тағайындалған сомма 1 037,4 млн.теңгеге кемітілді.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда масылдыққа жол бермеу мақсатында – аудан әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жылдың басынан тағайындалған төлемдерге талдау жасап, учаскелік комиссиялардың жұмысын күшейту бойынша қала әкімі Е.Айтаханов тапсырма берді.

Аталған тапсырма аясында, аудандарда өңірлік комиссиялар құрылып (комиссия құрамында: аудан әкімінің орынбасары, салық органының өкілі, учаскелік полиция өкілі, қоғамдық бірлестіктер өкілі, жұмыспен қамту басқармасының маманы) атаулы әлеуметтік көмек алушыларды үйме-үй аралап, табыстарын қайта қарау жұмыстарын жүргізуде.

Медиаон ақпарат