Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы өткен баспасөз брифингіндегі мəлімдемесі 

Шымкент қаласы жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы өткен баспасөз брифингіндегі мəлімдемесі 

Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 11 шілдедегі №13 қаулысының негізінде, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы (әрі қарай Басқарма) мемлекеттік мекемесі құрылған.
2019 жылдың 6 айы бойынша қала аумағындағы жер балансы
Қала аумағы 116 280 гектарға тең және 4 аймаққа бөлінеді, олар:
Тұрғын үй аймағы- 10481 га немесе 9,01%, оның ішінде:
Көпқабатты тұрғын үйлер аумағы 401 га немесе 3,82%;
Жеке тұрғын үйлер аумағы 10 080 га (24 га ) немесе 96,17%
әлеуметтік аймақ – 1 337 га немесе 1,14 %
коммерциалық аймақ – 17 092 га немесе 14,69 %, оның ішінде:
өндірістік объектілер 2575 га немесе 15,07%;
2) сауда объектілерінің, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету 14 517 га (19 га) немесе 84,93%
– өзге де аймақтары – 87370 га немесе 75,13%.
Жер ресурстарын тиімді және нәтижелі қолдану үшін, 2018 жыл мен 2019 жылғы 6 ай аралығында, ҚР Жер кодексі белгілеген өз жауапкершілігіне қатысты келесі жұмыстар атқарылған:
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жайлы)
Мемлекеттік қызметтер тізілімі бойынша, Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасы халыққа жалпы саны 5162 құрайтын 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен:
Жерге орналастыру жобаларын қабылдау бойынша 2924 қызмет;
Учаскелердің кадастрлық бағаларын қабылдау 120 қызмет;
Учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 1328 қызмет;
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою 790 қызмет;
Жер комиссиясының жұмысы бойынша
2019 жылы Жер комиссиясының 16 отырысы өткізілген. Оның ішінде жер учаскелерді беру жайында жеке және заң тұлғаларының 2 583 арыздары қарастырылған. Олардың 1 401 (54,0%) қабылданған, қалған 1 182 (46,0%) Жер заңнамасының ережелеріне сәйкес, бас тартқандықтың себебін көрсетіп, қабылданбаған.
Бюджет түсімдері жайлы
2019 жылы 6 айы бойынша Әкімдіктің атынан Басқарма 1 479 шарт құрған, олардын ішінде:
Жер учаскелерді сатып-алу бойынша 343 шарт; Уақытша қолдану (жалға алу) бойынша 921 шарт; Жер учаскелерді жалға беру құқығын сатып-алу бойынша 215 шарт. Ағымдағы жылыдың 6 айы бойынша қала бюджетіне түскен қаражаттың саны 506,770 миллион теңгеге жетті.
Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді алу
Есеп кезеңінде мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді салу үшін мемлекет мемлекет меншігіне алынатын жер учаскелерінің жалпы алаңы 58,54 га, 1 млрд. 484 млн. теңге құрайды. Атап айтқанда:
– көлік инфрақұрылымы объектілері бойынша, жалпы алаңы 3 га,376,47 млн.теңгеге 66 жер учаскесі сатып алынды. (Қонаев құрылысы үшін 306,6 млн. теңге сомасына 29 учаскесі сатып алынды, Н. Назарбаев даңғылының құрылысы үшін -27,05 млн.теңге сомасына 15 учаскесі сатып алынды.; Сыпырған ата көшесін салу үшін 13,7 млн. теңге сомасына 10 учаскесі сатып алынды.; Тәуке хан көшесін салу үшін 6,64 млн.теңге сомасына 5 учаскесі сатып алынды.; Жібек жолы көшесін кеңейту үшін – 14,1 млн. теңге сомасына 5 учаскесі сатып алынды.; құрылыс үшін Әл-Фараби – 664 мың теңге сомасына 1 учаскесі сатып алынды). Қонаев даңғылы 2,5-кезеңдерін жалғастыру үшін, Адырбеков көшесін кеңейту, Тұран ш/а 1,2,7 көшелерін салу үшін, жер пайдаланушылардан мемлекет меншігіне алу жұмыстары жүргізілуде);
– көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандары құрылысы бойынша, барлығы 1 млрд 107,4 млн. теңге сомасына 93 жер учаскесі сатып алынды. (Шымкент сити қалашығының құрылысы үшін 389,7 млн.теңге сомасына 12 учаскесі сатып алынды, Тұран ш/а құрылысы үшін -158,8 млн. теңге сомасына 16 учаскесі сатып алынды. Ескі қала құрылысы үшін (Цитадель) – 246,535 млн.теңге сомасына 21 учаскесі сатып алынды. Қошқар ата өзенінің жағасына көп қабатты тұрғын үйлер мен көгалдандырылуы жұмыстарын жүргізу үшін 201,1 млн.теңге сомасына 15 учаскесі сатып алынды. Қошқар ата өзенінің жағалауынан 35 м. дейінгі қашықтықта абаттандыру құрылысы үшін барлығы 61,1 млн.теңге сомасына 7 жер учаскесі сатып алынды. (жұмыстар жүргізілуде); әкімшілік іскерлік орталығы (ӘІО) бойынша 49,9 млн. теңге сомасына 22 жер учаскесі сатып алынды.
Жер заңнамаларын сақтауға бақылау жасауды қамтамасыз ету барысында атқарылған жұмыстар
2019 жылы Шымкент қаласы аумағында жер заңдылығын бұза пайдаланып жатқан 107-тұлғаның жер учаскесіне тексеру жұмыстары жүргізіліп 4 183 966 теңге айыппұл салынды, 114 жер учаскесіне жер заңдылығының бұзылуын жою туралы нұсқамалар табысталды. Оның ішінде:Тексеру нәтижесінде 14 жер учаскесінде заң бұзушылықтар аңықталмады.
Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алған 18 тұлға 3 690 130 теңге айыпұл салынған. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай жатқан 14 тұлғаға 380 211 теңге айыпұл салынды.
ЖТҮҚ (Жеке тұрғын-үй құрылысы) үшін учаскелерді беру жайлы 2019 жылдың 6 айы бойынша жеке тұрғын-үй құрылысы үшін кезекке тұрған азаматтар саны 790 құрап отыр. Жалпы осы кезге дейін жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде 119 018 азаматтар саны тіркелген.
Басқарманың құжат айналымы жайлы
2019 жылдың 5 айы бойынша Басқарманың жалпы құжат айналымы 14522 дананы құрағ ан. Олардың 8408 азаматтық тұлғалардын жолданымдары, 474 заңды тұлғалардын жолданымдары, қалған 5 640 қала әкімдігі немесе басқа да мемлекеттік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден  (сауалдар, ақпарат, нормативтік-құқықтық акт жобалары, ж.т.б.) келетін өзге корреспонденциялар.
Халық пен қоғаммен кездесу жайында
Қоғамдық пікірді талдау үшін Басқармада бірыңғай нөмірі бар қалалық Call-центр құрылған. Call-центрдің жұмыс уақыты таңғы сағат 9.00-дан кешкі сағат 18.00-ға дейін. Әр азамат кез келген уақытта жер мәселесіне қатысты ақпарат ала алады. Сонымен қатар аптаның әр сейсенбі күні басқарма басшысы жер мәселелері бойынша қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізеді.
Онымен қатар, ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы, № 248 және 2016 жылғы 18 тамыздағы, № 308 «Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беру және шетел азаматтарына жалға беру» Жарлықтарымен сәйкес 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін оларға мораторий енгізілгенің ескеріп, әкімдіктің ресми интернет-ресурсында ереже құрастыру процессі аясында қазіргі кезде жүріп жатқан жұмыстар жайлы ақпарат берілген.

2019 жылға қойылған мақсаттар
Басқарманың 2019 жылдағы басты жұмысы:
— Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсету, бюджет түсімдерінің атқарылуы, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді иеліктен шығару, жұмыстың заңды атқарылуы, ж.т.б. бекітілген атқарымдар сияқты күнделікті жұмыстарының сапалы және уақытында орындалуына байланысты;
— Азаматтар мен заңды тұлғалардын жер қатынастары жайындағы арыздарды тез уақытта қарау үшін Басқарма электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау және «GeoSet» ААЖ (Автоматизацияланған ақпарат желісі) атты бағдарлама арқылы жерлер дерекқорын жасау жұмысына қатысады.