Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппараты 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингін өткізді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппараты 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингін өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау және талқылау мақсатында 58 кездесу өткізіліп, жалпы саны 7 мыңға жуық тұрғын қамтылды.

Индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік

Есепті кезеңде үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында және жеке инвестиция негізінде «Оңтүстік» индустриалдық және «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақтарында 2 өндірістік кәсіпорындар ашылып, жалпы 80-нен астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды.

Ретсіз сауда туралы

Аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою мақсатында, 2019 жылдың 10 айында 80 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 102 ретсіз сауда орындары жойылды. Аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабына сәйкес, 678 хаттама толтырылды, салынған айыппұл көлемі 353 500 теңге, 505-бабына сәйкес, 513 хаттама толтырылды, 151 500 теңге айыппұл салынды.

Жарнама туралы

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына және аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарына сәйкес, есепті кезеңде 84 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 508 заңсыз жарнама жойылды.

Салық туралы

Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млрд. теңге жиналып, 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 29 % артты.

Аумақты көріктендіру және санитарлық тазалықты сақтау

Аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын мердігер мекемелер «Ақсемсер-Строй Сервис», «Арнаулыавтокөлік», «Нұр-Сат», «Байтерек-Л.Б.», «Income» ЖШС-лары көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет жүргізді. Аталған мекеме қалалық қоқыс полигонына 4505м3 қоқыс шығарып, 375км ирригациялық жүйелер тазаланды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы көпқабатты сектордағы орналасқан 107 қоқыс алаңшаларының (3-ін тәулігіне 3 реттен, 22-ін 2 реттен, 82-ін 1 реттен) қоқыстары «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-мен шығарылып, айналасы тазалануда. Ал, жеке сектор бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-ы және «Вейсалидзе», «Нұр-Олжа» ЖК-і кестеге сәйкес шығаруда. Есепті кезеңде «Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша аудандық ЖПҚБ-ның учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ҚР ӘҚБтК-ның 434 бабы бойынша 110 хаттама толтырылып, оның ішінде 1 132 463 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілген. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан барлығы 177 азаматқа 13 635 000 теңге айыппұл салынып 12 751 250 теңге өндірілген

Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мәселелері

Аудан бойынша 2019 жылы 3 көпқабатты тұрғын үйге («Күншығыс» №№2,95, Қ.Сарымолдаев №1Б) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды, 3 үйде (Қаратөбе тас жолы №№38,42, Ш.Уалиханов №190А) жұмыстар жүргізілуде.

Жылумен қамтамасыз ету

Аудандағы 528 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. 2019-2020ж.ж. қысқы жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылды. «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе тұрғын үйлерді қысқа дайындау іс-шарасы бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, әр үйде жиналыс ұйымдастырылып, тұрғындар арасында кіреберіс есіктерді, жертөлелерді тазалау, түтін тартқыштарды тазалау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда қызмет көрсететін 12 басқарушы компаниялар («Теплокомсервис», «Thallos», «Шымкент Элит Сервис», «СпецКомплектСервис», «Абико компания», «Нұр-Арыстан», «Nur-D» ЖШС-лары және «Молиз», «Шоманбаев» «Аскар», «Аширбеков» ЖК-лері) көпқабатты үйлерінің тұрғындарымен тұрғын үй-инженерлік жүйелерін 2019-2020ж.ж. қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 404 келісім-шарттар түзілді. Қалған 124 үй қысқы жылу маусымына өз күштерімен дайындалуда.

Аудан аумағы бойынша көгілдір отынмен (табиғи газ) қамтылмаған 1632 тұрғын үй (қатты отын қажеттілігі – 5068тн). Қазіргі таңда 1632 үйдің 1256-і – 3941тн көмірмен қамтылды (77%). Сонымен қатар, жылу маусымында улы газбен уланудың алдын-алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынама таратылуда.

Инфрақұрылым және көріктендіру

Ауыз сумен қамтамасыз ету: Қамтылғаны 92,5% (61291 аб.), қамтылмағаны 7,5% (4953 аб.).

Электр жарығымен қамтамасыз ету: Мемлекеттік жүйе 88,1% (58358 аб.),жекеменшік жүйе 7,0%(8658 аб.),қамтылмағаны 4,9%(3228 аб.).

Табиғи газбен қамтамасыз ету:

– Бадам тұрғын алабына “Строй Проект-Инвентаризация” ЖШС-і ЖСҚ әзірледі. (Жоба құны 344,4 млн.) Құрылысына бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді;

Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету:

– Тоғыс тұрғын алабында «Торлан құрылыс» ЖШС-ы құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізіп (Жоба құны 276,5 млн., шарт құны 226,3 млн. теңге), пайдалануға тапсырды;

– Ұлағат, Мирас, Шапағат-2, Солтүстік шығыс шағынаудандарына «Форс проект» ЖШС кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуде. (жоба әзірлеу құны 54,7 млн. теңге).

Автожолдар және аяқ жолдар

Ауданда ұзындығы 613,17км. құрайтын 611 даңғыл, көшелер мен өткелдер орналасқан.

2019 жылы 167,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8,74 шқ асфальттау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудан аумағында 23,56 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Көпірлер:

-Бадам-2 тұрғын алабындағы көпірдің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, «Корпорация Береке-А» ЖШС-і «Бадам» өзенінен өтетін көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. (Жоба құны 1 161 млн. теңге.)

-Қарабастау тұрғын алабына өтетін «Бадам» өзенінің үстіндегі көпірге қайта құру жұмыстарын «Арт құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. (Жоба құны 607,509 млн. теңге.)

-Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» өзенінің үстінен өтетін көпірге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. (Жоба құны 159,51 млн.)

-Тоғыс тұрғын алабындағы «Бадам» өзенінің үстінен өтетін көпірге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. (Жоба құны 151,416 млн.)

-Ленгер тас жолындағы «Сайрам су» өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізуде. (Жоба құны 433,87 млн. 2019 бөлінген қаржы 200 млн. теңге).

Аумақтарды абаттандыру және жарықтандыру

Абаттандыру:

– 2019 жылға «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын «STRONG SERVISE» ЖШС-і іске асыруда. Тартылатын инвестиция құны – 1млрд. 210,9 млн. теңге. Бұл жобада 20 көпқабатты тұрғын үй аулаларына 13, тұрғын алабтарда 4 балалар ойын алаңшасын орнату, 33 ашық спорт, 13 воркаут және тренажер, алаңшаларын орнату, 24 ашық спорт және 8 тренажер алаңшаларын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қаралған. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2019 жылдың 1 желтоқсаны.Суағар арықтар (ирригация):Аудан аумағындағы 4 нысанда ирригация жүйелеріне «Старт строй» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. (Жоба құны 36,9 млн. теңге)

Әлеуметтік көмек көрсету

2019 жылдың І тоқсанында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 1281 отбасының 1106-на «мұқтаж» деген қорытынды берілді. Ал,2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 16026 отбасы өтініш білдірді. Оның ішінде 13752-не «мұқтаж» және 2274-не «мұқтаж емес» деген қорытынды берілді. Жалпы жыл басынан бері 17307 отбасының құжаттары қаралды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдық қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы коммерция иелерімен 15 меморандум түзіліп, 124-не пандус және 134 арнайы қоңырау белгілері орнатылды.

Жасөспірімдер арасында қылмыстылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу

Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында 48 түнгі рейд ұйымдастырып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 610 хаттама толтырылды. Оның ішінде: 501 ата-анаға ескерту, 23 ата-анаға айыппұл және 14 ойынхана иелеріне хаттама толтырылып, 6-ы сот шешімімен қысқартылып, ал қалған 8 кәсіпкерлерге 353 050 теңгеге айыппұл салынды.

Отбасылық демографиялық саясат

Ауданда жалпы 579 ана «Алтын алқа», 1563 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған. 2019 жылы 18 анаға «Алтын алқа», 55 анаға «Күміс алқа» алқалары салтанатты түрде табысталды.

Ономастика, тілдерді дамыту және мекемелердің рәміздеріне мониторинг жұмыстары

Аудандағы негізгі 17 көшеде орналасқан 298 коммерциялық нысандарда маңдайша мәтіндерін заң талаптарына сай ретке келтіру бойынша және коммерциялық нысандардағы маңдайша мәтіндерінің түнгі мезгілде жартылай жанбай мән-мағынасыз болуына байланысты рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 43 коммерциялық нысанға кемшіліктерді түзету жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде коммерциялық нысанның кемшіліктері жойылып, қалпына келтірілді. Ауданда 596 даңғыл, көшелер мен өткелдер бар, 2019 жылы жаңа атау беру бойынша ұсынылған көше саны-75. Сонымен қатар, 2019 жылы аудандағы 659 көпқабатты тұрғын үйге QR-коды бар тақтайшаны орнату үшін қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, орнату жұмыстары жүргізілді.

Медиаон ақпарат