Басты бет > Білім > Шымкент қаласы білім бөлімінде — «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жайында келелі жиын өткізілді

Шымкент қаласы білім бөлімінде — «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жайында келелі жиын өткізілді

54
views

Бүгін Шырайлы Шымкент қаласының білім бөлімінде  облыстық əлеуметтік қамсыздандыру басқармасының өкілі     Ахмет Беден Сисенбайұлы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, бұл жүйенің мақсаты мен қызметін түсіндірді. Ол өз сөзінде:

Ахмет Беден Сисенбайұлы

Сонымен қатар  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен атқарылған жұмыстары туралы баяндап, Шымкент қалалық білім бөліміне қатысты білім мекелеренің қызметкерлеріне — Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы «Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Халқына жолдауының жетінші басымдық бағыты – адами капитал – жаңғыру негізін түсіндіруді жоспарлауда.

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.

Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады. Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды.

Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2017 жылдың 1 шілдесінен өз жұмысын бастады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры келесі функцияларды атқарады:

— Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы медициналық қызметке төлем жасау жөніндегі қаржылық оператор.

— МӘМС аясындағы медициналық қызметтер пакетінің стратегиялық сатып алушысы.

Сонымен қатар, Қор әрдайым сақтандырылған азаматтар-медициналық көмекке жүгінушілердің мүддесін қорғайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы барлық азаматтардың аударған қаржылары Ұлттық банкіне түсіп, жинақталады.

Қазақстандықтарды медициналық көмекпен қамту үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы медициналық қызметтерді сатып алу кезең – кезеңімен іске асырылуда.

2017 жылдын 7 қыркүйегі мен 13 қыркүйегі аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру жұмыстарын жүргізді.

Дерекқорға Қазақстан Республикасы бойынша 1964 денсаулық сақтау субъектісі, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 199 денсаулық сақтау субъектісі тіркелген.

2018 жылға көлемдерді орналастыру және келісім шарттарды бекітуді жүзеге асыру мақсатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен 03.11.2018 жылы хабарландыру берілген.

Медициналық қызмет көрсету мақсатында дерекқорға еңгізілген 167 денсаулық сақтау субъектілері өтінімдерін тапсырып комиссиямен қаралған.

Көрсетілген өтінімдерді қарау комиссиясының құрамында «Атамекен» ҰКП, Денсаулық сақтау министрлігі және өзге қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

Өтінім тапсырып, талаптарға сай келген денсаулық сақтау субъектілерімен келісім шарт түзіліп, қазіргі кезде медициналық көмек көрсетілуде.

Медиаон ақпарат

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *