Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Елімізде коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізілуіне орай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен адамдарды жаппай тарта отырып өткізілетін іс-шаралар уақытша тоқтатылған.
Алайда, Департаментпен телекоммуникациялық және басқа да байланыс құралдарын пайдалану арқылы коммуникацияларға барынша өту және туындайтын мәселелерді шешу қолға алынды.
Осы ретте, Департаментпен атқарылған жұмыстар туралы басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев онлайн брифинг берді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленген. Біздің жұмысымызда басты бағыт ретінде превенция, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Бұл механизм қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ лауазымды тұлғалар тарапынан әкімшілік кедергілерді жою арқылы іске асырылады» — деді спикер.
Ол, 3 айдың өзінде түрлі форматтағы 130-дан астам іс-шаралардың ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Агенттікпен қолға алынған «Бизнес пен инвестицияларды қорғау», «Сапалы жол», «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобаларына тоқталып, орын алған кемшіліктерді атап өтті.
Талғар Серікбаев бизнесті қорғауға бағытталған «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында Департаментпен жалпы сомасы 60 млрд. теңгеге жуық 30 жоба сүйемелдеуге алынғандығын жеткізсе, «Сапалы жол» жобасы аясында жоба іске асырылған сәттен бастап 80-нен астам бұзушылық анықталып, оның 68-і мердігерлік ұйымдармен жойылғандығына тоқталды.
Одан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға ерекше көңіл бөлінетіндігін айтып, тек өткен жылы 11 сыртқы талдау жүргізілсе, аталған кезеңде 3 сыртқы талдау жүргізілгендігін мәлімдеді.
Брифинг барысында халықпен сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында құрылған Ақпараттық-ағартушылық штабының да жұмысы назардан тыс қалмады.
«Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласа алады» деген спикер қала тұрғындарын белсенділік танытуға шақырып, аталған нөмірге қоңырау шалу арқылы пара бопсалау кезіндегі одан арғы іс-әрекеттер туралы барлық қажетті кеңестерді алуға болатынын хабарлады.