Басты бет > Спорт > Шымкент қаласы аумағында 222 спорттық іс-шара өткізіліп, 41 мыңнан астам адам қатысқан

Шымкент қаласы аумағында 222 спорттық іс-шара өткізіліп, 41 мыңнан астам адам қатысқан

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

2019 жылдың 6 айында қала аумағында 222 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 41 мыңнан астам адам қатысты.

Қала аумағында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 281 235 адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% құрады.

Мүмкіндігі жандар арасында спортты дамыту үшін қалада спорт клубы жұмыс жасауда. Аталған мекемеде 18 спорт түрінен 646 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жаттығуда.

Материалдық техникалық базаны дамыту

Қалада 848 спорт нысандары тіркелген. Оның ішінде: 3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж (жеңіл атлетикалық-3, футбол-1, ат манежі-1), 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 434 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 8 бассейн, 249 спорт зал, 70 орнатылған спорт залдар.

Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешелік-әріптестік тетігі арқылы бірқатар спорт нысандар жұмыс жүргізуде.

Олар:

– Шымкент қаласы, Жиделі шағын ауданындағы спорт ангардың құрылысы және пайдалану;

– Шымкент қаласы, Қазығұрт шағын ауданындағы спорт ангардың құрылысы және пайдалану;

– Шымкент қаласында жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері бойынша (дзюдо, каратэ-до, кикбоксинг, еркін күресі, грек-рим күресі, альпинизм және футбол) жаттығу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету;

– Шымкент қаласында ату алаңына жаттығу (қабырғаға оқ ату және оқ ату) үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету.

Жоғары спорт шеберлігі мен спорт резервін дайындау

Медиаон ақпарат