Басты бет > Саясат >  Шымкент қаласы – Арыс қаласынан келген тұрғындарды орналастыруда!

 Шымкент қаласы – Арыс қаласынан келген тұрғындарды орналастыруда!

Еліміздің үшінші шаһары Түркістан облысы Арыс қаласының эвакуацияланған тұрғындарын қабылдап, 15 пункт бойынша орналастыруда. Қала халқы құшақ жая қарсы алып, түрлі көмектер көрсетіп, қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуде. Кенеттен болған Арыс қаласындағы жарыслыс – бүкіл елді есеңкіретіп, елжіреткені рас.

Осынау, қиында әрі, шұғыл көмек көрсету керек сәтте – шырайлы Шымкент қаласының әкімдігіде бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығаруда. Атап айтар болсақ штабтық кестеге сәйкес Түркістан облысы Арыс қаласына – тұрғындарды қалаға қарай тасу үшін 36 автобустар жөнелтіліп, әкімдік тарапынан шұғыл ұйымдасқан түрде жоспар құрылып, халықты орнықтырып, мамандар кеңесіне зәру тұрғындарға кеңес берілуде.

Бас сауғалап келіп жатқан толасыз ел нөпірін, қарапайым Шымкент қаласының тұрғындарыда Бекжан базары маңында күтіп алып, тегін штабтық пунктерге жеткізуде. Көмегі мен барын аямаған Шымкент қаласы зардап шеккендерге ас, сусын тұрмыстық қажетті бұйымдармен, қажетті барлық заттармен қамтамасыз етуде.

Медиаон ақпарат