Басты бет > Саясат > Шымкент қаласын 300 жаңа автобус алу жоспарлануда

Шымкент қаласын 300 жаңа автобус алу жоспарлануда

23
views

Шымкентте биыл 300 жаңа автобус алынбақ. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев айтты.

Маманның айтуынша, бүгінгі таңда қаладағы автобустардың 47 пайызы тозған, олардың пайдалану мерзімі 8 және 15 жылдан асқан. Осы мақсатта 1 мың автобусты алу көзделіп отыр. Оның 300-і биылғы желтоқсан айына дейін, ал қалған 700 автобус 2019 жылы алынады деп жоспарлануда.

 

– Шымкенттегі автобус паркін жаңалау үшін қоғамдық көліктердің қаржысын бөліп алу қарастырылуда. Бұл орайда қалалық әкімдік «БРК-Лизинг» АҚ – қостанайлық «Сарыарқа автопром» үшжақты меморандум жасалды. «БРК-Лизинг» АҚ арқылы 1 мың автобусты 7 жыл мерзімге алғашқы жарнасы 15 пайыз, жылдық 7-8 пайыз ставкамен бөліп төлеуді ұсынды, – дейді сектор меңгерушісі.

Айта кетсек, қазір қалада 26 көлік компаниясы 1090 кестемен қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта Шымкенттегі қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Пилоттық жоба алдымен 30 автобусқа енгізілмек.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *