Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы: Елімнің еркіндігі-Ата Заңым!

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы: Елімнің еркіндігі-Ата Заңым!

Бүгін шырайлы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдығына орай Оқушылар сарайында «Елімнің еркіндігі-Ата Заңым» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, аудан ардагерлері қатысты. Салтанатты жиында осынау мерейлі мерекемен құттықтай отырып Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген Республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігіміз, Келісім мен  Бірлігіміз нығая берсін және Ата Заңның 24 жылдығымен баршаңызды құттықтаймын. Шарада ата заңымыздың еңсесі биік, ереңі елеулі, заңы барлық құқықтарға сәкес келетіні айтылды.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында аудандағы кәсіпкерлер мен ауданымыздың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып патриоттық тақырыпта әншілер мен бишілердің асқақтата орындаған әндеріне жиналған көпшілік тамсана тарқасты.

Медиаон ақпарат