Басты бет > Хабар > Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында қайырымдылық іс-шарасы өтті

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында қайырымдылық іс-шарасы өтті

«Наурыз» алаңында жомарт жандардың қолдауымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Іс-шарада демеушілер аудан аумағындағы мүмкіндігі шектеулі, жартылай жетім, тұл жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан 150 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмке жəне сондағы 30 балаға оқушы киімдерін сыйға тартты.

“Мектепке жол” акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада шымкенттік өнерпаздар ән шырқап, би биледі.

Қайырымдылық шарасына «Қырғы базар», «Береке» сауда үйі, «Royal Club fitnes centre», «Стамбул мейрамханасы», «Химфарм» АҚ, «Визит» АҚ, «Имран» сауда үйі демеушілік жасады.

«Балалар қоғам болып жасаған қолдауымызды сезініп, үлкендердің «азамат болсын!», «білім алсын!» деген ізгі ниет, ықыласын түсініп, жақсыны үйренуге, əрқашан білім алуға құштар болып өссе, үмітіміздің ақталғаны. Олардың білім алуына ештеңе кедергі болмауы тиіс. Қайырымдылық жасаудағы ниетіміз де осы кедергілерді жоюға тамшыдай үлес қосу» дейді демеуші тарап.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Медиаон ақпарат