Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының әкімі өткен жылды қорытындылады

Шымкент қаласының әкімі өткен жылды қорытындылады

ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ УАҚЫТТА 92 ГЕКТАР ӨНДІРІСТІК ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ

Алдағы 3 жылда Шымкентте 7 сүт фермасы ашылады, 36 мың ірі қара бордақыланады. Үлкен 3 құс фермасы іске қосылады.
Сонымен қатар 1600 гектарға қарқынды бау егіліп, 92 гектар жерге өндірістік жылыжай салынады.

ШЫМКЕНТ: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС — ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

М.Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Микро және шағын бизнес табысына салынатын салық үш жылға босатылды. Сонымен қатар тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салды. Бұл – бизнесмендерге үлкен қолдау».
Шымкентте бүгінгі таңда 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Онда 148 мың адам жұмыс істейді.
Бүгінгі күнге қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 27 пайызды құрайды, бұл әліде аз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осыған ұмтылуымыз қажет,-деді қала әкімі 2019 жылды қорытындылау барысында.

 

ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА 300 БИЗНЕС ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Алдағы үш жылда бизнестің жол картасы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 300 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Жобалардың құны — 3,3 миллиард теңгені құрайды.
Нәтижесінде салада жұмыс істейтіндер саны 148 мыңнан 175 мың адамға дейін көбейеді. Жалпы өнімдегі үлесі 27 пайыздан 33 пайызға жеткізіледі.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов, есеп беру жиналысында кәсіпкерлерге аса көңіл бөлініп, жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Дегенмен бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпаған жөн деп ескертті. Кәсіпкерлерді табыс алумен бірге қайырымды болуға, санитарлық және еңбек талаптарын қатаң сақтауға, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге шақырды.

 

М.ӘЙТЕНОВ: АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛДА КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН БОЛАМЫЗ

Шымкент қаласына жаңадан 41 елді мекен қосылған. Осының салдарынан магистралды жүйелердің қуаты жетіспеуде. Алдағы 3 жылда осы мәселені барынша шешуге жұмыс жасайтын боламыз,-деді қала әкімі.

 

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 2 МАГИСТРАЛДЫ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қаладағы 81 елді мекеннің 63-і толық қамтылған, 10-ы жартылай, 8 елді мекені тасып ішеді. Қамтылуы 94,7%.
Халықты ауыз сумен қамту үшін өткен 3 жылда 31 мыңнан астам тұрғыны бар 9 елді мекенге ауыз су құбыры тартылған.
Қазіргі таңда қаланың солтүстік бөлігіндегі жаңа шағынаудандарды дамытуға ауыз судың қуаты жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 3 магистралды құбыр салуымыз қажет.
Биылғы жылы қалалық бюджеттен 8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, шалғайдағы 5 елді мекенді сумен қамтитын магистралды су құбырының құрылысы жүргізілуде.
Нәтижесінде, биылғы жылы 140 мың халқы бар тасымал арқылы су ішіп отырған 8 елді мекен және жартылай сумен қамтылған 5 елді мекеннің мәселесін шешу жоспарлануда.
Алдағы 3 жыл ішінде жартылай қамтылған 10 елді мекен және қалаға жетіспейтін 90 км магистралды су құбырлары тартылады.

Медиаон ақпарат