Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Асар-2 шағынауданына барды. Қала әкімі шағынауданды электр жарығымен қамту, жол құрылысы жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Жауапты мамандар қала әкіміне шағынауданды көркейту бойынша нақты істер мен алдағы жоспарларды баяндады. Сала жетекшілерінің мәліметінше, биыл қыркүйек айында шағынауданға электр жарығы беріле бастайды. Шымкент қаласы Асар-2 шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысы бойынша мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде.   

Жобаға сәйкес 2 765 тұрғын үй немесе 11 мың адам электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Айта кетерлігі, жоба бойынша мұнда 87,1 км электр желісі тартылады, 24 дана КТПН және 1 дана РП орнатылады.

Қазіргі таңда аталған шағынаудан көшелеріне жол салынуда. Тұрғындармен кездесуде белгілі болғандай, биыл күзде жол құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, ауыз сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында магистралдық және ішкі орамдық жүйелерін жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданған. Жобаға сәйкес 2765 тұрғын үй немесе 11 мың адам ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Жоба бойынша 156 шақырым ауыз су жүйесі тартылады.

   

Ал табиғи газбен қамтуға тоқталсақ, «Улмад» ЖШС жобалау жұмыстарын жүргізуде. 2019 жылы жобалау жұмыстарын, 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жобаға сәйкес 2765 тұрғын үй немесе 11 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілмек.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов шағынауданды аралау барысында жауапты мамандарға құрылыс сапасына баса назар аударып, жұмысты жоспарға сай аяқтау керегін тапсырды.

Медиаон ақпарат