Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды

Шымкент қаласының әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды

Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы тағайындалды. Гүлнұр Нұрбекқызы бұған дейін облыстық қаржы, экономика және облыс әкімі аппаратында қызмет атқарған. Соңғы қызметі – Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Мырзатаев Шалқар Бауыржанұлы тағайындалды. Шалқар Бауыржанұлы Шымкент қаласы әкімінің Астанадағы өкілі болып қызмет атқарады.

«Ордабасы» футбол клубының президенті қызметіне Катаев Нұржан Жолымбекұлы тағайындалды. Нұржан Жолымбекұлы еркін күрестен бірнеше рет Азия және Республика чемпионы атанған, Республикаға еңбегі сіңген бапкер.

Сонымен қатар бірқатар басқарма басшылары тағайындалды. Атап айтқанда жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Ағыбаев Жәнібек Есенұлы тағайындалды. Бұған дейін ол Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болып Аманқұлов Нұрлан Әмірбекұлы тағайындалды. Нұрлан Әмірбекұлы бұған дейін Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Дүйсенов Берік Тастанбекұлы тағайындалды. Бұған дейін ол Түркістан облыстық басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы лауазымына Қаныбеков Асқар Сәкенұлы тағайындалды. Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде департамент директорының орынбасары қызметін атқарған.

Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы болып Қалтаев Жандос Төлембекұлы тағайындалды. Бұған дейін ол «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында қызмет атқарған.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының басшысы қызметіне Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы тағайындалды. Мұратәлі Оразәліұлы соңғы 4 жыл бойы Түркістан облысы әкімі аппаратының Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының басшысы қызметін атқарған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.