Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының ТЖД брифинг өткізді

Шымкент қаласының ТЖД брифинг өткізді

Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде биылғы жылу беру маусымында улы газдан уланудың 10 оқиғасы тіркелген, салдарынан 10 адам қайтыс болып, 4 адам жарақат алды. Анықтамалық: 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымы кезінде улы газдан уланудың 7 оқиғасы тіркеліп,салдарынан 12 адам қайтыс болып 1 адам жарақат алған.
Жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп,қарқынды түрде үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жолаушылармен жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алу бойынша жадынама парақшалары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, газ құрылғысын пайдаланатын автокөліктердегі өрттерге байланысты төтенше жағдайларға жүргізілген талдауға сәйкес жыл сайын еліміз бойынша автокөлік құралдарының 2 мыңнан астам жануы орын алады, бұл жалпы өрттердің 20% құрайды. Қазіргі таңда қаламызда жалпы 14 паркинг бар, департамент қызметкерлерімен паркингтерде үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша: «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясындағы дайындық іс-шаралардың 1-кезеңде департамент өзінің оқыту базасында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және басқа да ТЖ алдын алу мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары мен білім беру мекемелерінің 43 қызметкерін оқытты. 2-кезеңде Мәдени астана мәртебесін алу рәсімі өткізілетін «Қажымұқан» стадионында 8 техника мен 54 қызметкердің іс-қимылдары пысықталып, олардың стадион аумағында және периметрі бойынша орналасу орындары пысықталды. Қонақ үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қарау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берілді.

Медиаон ақпарат