Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының статистика департментінің 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өткізілген баспасөз брифингіндегі мəлімет

Шымкент қаласының статистика департментінің 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өткізілген баспасөз брифингіндегі мəлімет

Спикер:
Шымкент қаласының статистика департментінің басшысы Е.Құлтаев

ДЕМОГРАФИЯ
2019 жылғы 1 маусымға қала халқының саны 1 022 449 адамды құрады.
Республикада халық саны бойынша Шымкент қаласы сегізінші орынды алады.
Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 2%-ға немесе 20 158 адамға артты. Шымкент қаласы республикада халық саны тығыз орналасқан қалалардың бірі болып табылады (3 орында). Қалада 1 шаршы км-ге 852 адам келеді (2017 жылы – 835,2 адам). Республика бойынша – бұл көрсеткіш орта есеппен 1 шаршы км-ге 7 адам құрайды.
2019 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі 8 900 адамды құрады және 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,6%-ға өсті (144 адамға артық).
Республика бойынша сәби туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша қала 4 орында.
Ағымдағы жылдың бес айында қала бойынша 10 919 бала туылды немесе 2,4%-ға өсті. 2018 жылғы қаңтар-мамырда 10 665 бала туылған болатын.
Осы кезеңде қала бойынша өлгендер саны – 2 019 адамды құрады (2018 жылғы қаңтар-мамырда – 1 909 адам) немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, тиісінше өлім оқиғаларының санына 5,8%-ға өсті.
2019 жылғы қаңтар-мамырда көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы: барлығы – 4 463 адам (оң), облысаралық көші-қон – 4 144 адам (оң) болған жағдайда, алыс шет елдермен –32 адам (оң), ТМД елдері бойынша – 287 адам (оң) болды.
ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ
Халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 2019 жылғы І тоқсанда 62 612 теңгені құрады және 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7%, ал нақты ақшалай табыстар 1,7% көбейді.
Үй шаруашылықтары ақшалай табыстарының негізгі көзі болып еңбек қызметінен түсетін табыстар қалуда (жалдамалы жұмыстан және өз бетінше жұмыспен қамтылудан табыстар).

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
Халықтың жұмыспен қамтылу сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес 2019 жылғы I тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда сол деңгейде қалып – 5,1% болып, ал жұмыссыздар саны 21,8 мың адам құрағанын көрсетті.
Осы кезеңде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 122 289 теңгені құрады және 2018 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 11,7%-ға артты. Нақты жалақы индексі 106,2% құрады.
Салалар кесіндісінде ең жоғары орташа айлық жалақы «Тұру және тамақтану бойынша қызметтер» саласында 264 890 теңге, ең төменгі шамасы «Өнер, ойын-сауық және демалыс» саласында 73 814 теңге болып белгіленді.

БАҒАЛАР
2019 жылғы маусымды 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда қала бойынша инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 103,3% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 8,2%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6% көтерілді, ал халыққа ақылы қызмет көрсету – 1,9% төмендеді. 2019 жылғы I жартыжылдықтағы азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер бағаларының өзгеруін көруге болады.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
2019 жылғы I тоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 470 901,1 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың 1 тоқсанмен салыстырғанда 2%–ға артты.
ЖӨӨ бойынша қала Республика өңірлерін орналастыру тәртібінде 11 орынды және халықтың жан басына шаққандағы есебінде – 11 орынды иемденді.
Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) құрылымында өнеркәсіп үлесі 32,6%, көлік және қоймалау – 15,6%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 13,9% алып отыр.
2019 жылғы қаңтар-маусымда қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 85 735 млн. теңге болып, 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 28,7% құрады.

Салалар кесіндісінде инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына –37,4%, немесе 32 168 млн. теңге, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласына – 36,7% немесе 31 453 млн. теңге, көлік және қоймалау саласына – 8,9% немесе 7 631 млн. теңге тиесілі.
2019 жылдың 6 айында негізгі инвестициялық салымдардың 54,4%-ын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 46610,2 млн. теңгені немесе 2018 қаңтар-маусымға 117,3% құрады.
шағын және орта кәсіпкерлік
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 шілдеге 65 687 бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 13,7% жоғары.
Қазақстан Республикасы бойынша жұмыс істейтін субьектілердің 5%-ы Шымкент қаласында шоғырланған.
2019 жылғы 1 сәуірге шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандардың саны 138 482 адамды және өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,6% құрады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы 165 880 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-наурызға 108,9% құрады
СТАТИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕЛІМДЕР
Статистикалык тіркелімнің мәліметтеріне сәйкес қала бойынша 2019 жылғы 1 шілдеге 22 351 заңды тұлғалар тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 0,9% құрады. Республика бойынша тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санындағы қаланың үлесі 5,1% құрады.
Республикада, сондай-ақ Шымкент қаласында да, заңды тұлғалардың жиі тіркелетін қызмет түрі «Сауда» болып табылады, бұл сала бойынша қала кәсіпорындары жалпы санының 32,5% тіркелген.
ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп
2019 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағамен 265 716,8 млн. теңгенің, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 186,2 млн теңге, өңдеу өнеркәсібінде – 225 140,3 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 34 688,6 млн. теңге, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 5 701,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Республикадағы өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша қала 14-шы орынды, немесе 1,9%, ал өсу қарқыны бойынша 1-ші орынды алып отыр.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 12 195,2 млн. теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артты, оның ішінде мал шаруашылығы – тиісінше – 11 048,2 млн. теңге болып 1,1%-ға артты.
Республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша облыс 14-ші орынды, немесе 1,1%-дық үлесті алып отыр.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 25 935,8 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-маусымға 73,2% құрады.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміндегі 22,2%-ын немесе 5766,6 млн. теңгені – тұрғын ғимараттар құрылысы бойынша жұмыстар алады.
Осы кезеңде қала бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 220,8 мың шаршы метрді, халықпен салынғаны 90,7 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2018 жылғы қаңтар-маусымға 100,3% құрады.
КӨЛІК
2019 жылғы қаңтар-маусымда 45 823,8 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 102,9% құрады. Жүк айналымы 2 657,6 млн. ткм немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 108,7% құрады.
Осы кезеңде 794,6 млн. жолаушы тасылды, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,2% көп. Жолаушы айналымы 8 513,8 млн. жкм болды, немесе 2,1% өсті.
Республикадағы жүк айналымы және жолаушы айналымының көлеміндегі үлесі бойынша қала 12-ші орынды иеленуде.
БАЙЛАНЫС
Байланыс қызметтерінің көлемі 3 417,2 млн. теңгені және 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 107,7%, одан халыққа көрсетілгені, тисінше 2 045,8 млн. теңгені және 114,4% құрады. Байланыс қызметінің жалпы көлемінде едәуір үлесі – 42,7% Интернет желісінің қызметіне тиесілі. Қала бойынша 2019 жылғы маусымда тіркелген телефон желілерінің саны 75,4 мың бірлікті құрады.
Республикадағы Байланыс қызметінің көлеміндегі үлесі бойынша қала 13-ші орынды алып отыр.

САУДА
Бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-маусымда 161 984,3 млн. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,9%-ға артты. Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі 23,5%, азық-түлік емес тауарлар – 76,5% құрады.