Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасына Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев жетекшілік етеді

Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасына Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев жетекшілік етеді

12
views

Әлібек Нұрбайұлы 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін тәмамдаған.
Қызмет жолын ОҚО Туризм және спорт басқармасының бас маманы ретінде бастап, әр түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2013 жылдың мамырында ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылық етті, онда ол жаңа тағайындалғанға дейін жұмыс істеді.
Әлібек Нұрбайұлы облыс спортының тізгінін ұстаған шақта ОҚО спортшылары айтулы спорттық сындарда жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін айта кеткен жөн.

2013 жылы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Оңтүстік Қазақстанды «Үздік өңір» деп таныды.
Қазақстан спартакиадасы, түрлі спорт түрлері бойынша әлем біріншіліктері, Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында ОҚО спортшылары ел намысын абыроймен қорғай білді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *