Басты бет > Қоғам > Шымкент қаласының полицейлері әрекетсіздік танытуда

Шымкент қаласының полицейлері әрекетсіздік танытуда

Аса ірі алаяқтық ісі бойынша Шымкент қаласының полицейлері жылға таяу уақытта ешқандай процессуалдық шара қабылдамай келеді деп хабарлайды Объектив.кз. Ақпараттық портал редакциясына жергілікті құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне налып  Шымкент қаласының тұрғыны Марат Сейдалиев шағымданған. Сейдалиев 2016 жылдың шілде айында алаяқтық жолмен 90 мың долларға жуық ақшаны иемденді деп Гүлжанат Маханның үстінен Шымкент қалалық ІІБ арызданған. Алайда, алаяқты жазаға тартуға жергілікті полиция асығар емес. Қазіргі таңда Маханға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша «Ұйымдасқан топ арқылы аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізілуде. «Шымкент қаласы ІІБ-нің лауазымды тұлғалары Гүлжанат Маханға қатысты ешқандай заңдық шаралар қолданбай отыр. Олар әрқилы жолмен уақытты созу арқылы Маханды жауапкершіліктен құтқарып жібермек. Олардың өздері Гүлжанатты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүдделілік танытып отыр» – деп ашынады жәбірленуші. Сейдалиевтің қорғаушылары мемлекеттік құзырлы және құқық қорғау органдарына арызданғанымен, Шымкент қалалық ІІБ тергеуге кедергілер келтіруде. Объектив.кз редакциясы бұл істі өз бақылауында ұстайды.

 

Media-on.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.