Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 6 айында атқарған жұмыстары туралы

Шымкент қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 6 айында атқарған жұмыстары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 жарлығымен Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылуына байланысты, «Шымкент қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі №34 қаулысымен құрылған.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы, 3 тармағының шеңберінде жұмыстар атқарады.
Спикер: басқарма басшысы Дүйсенов Берік Тастанбекұлы

БАСҚАРМАНЫҢ 6 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР:

Тексеру нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес 214 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып 62,7 теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде: басқарма тарапынан 148 тұлғаға (54,3 млн теңге) қатысты әкімшілі жауапкершілікке тартылса, 66 тұлғаға қатысты хаттамалар толтырылып 8,5 млн тенге айыппұл салу үшін Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Сарапшылық аттестат алуға 122 өтініш келіп түсті. Құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес болмауына байланысты 55 тұлға тестілеуге жіберілмеді. Қалған 67-сі тестілеуге жіберілген тұлғалардың 18 тестілеуден өтіп аттестат берілсе, тестілеуден өтпеген 32, ал қалған 17 тестілеуге белгісіз себептермен келмеді 17.
Өз бетімен құрылыс жүргізгені үшін жеке және заңды тұлғаларға басқарма тарапынан Азаматтық кодекстің 244 бабына сәйкес 9 құрылыс нысанына қатысты шаралар қабылданды және сот органдарына қарау үшін талап арыздар жолданды. Олардың соттат бұзу бойынша шешім қабылданғандары 7. Соттан қысқарғандары 2. Қазіргі таңда 4 құрылыс нысаны бұзылды, қалған 3 құрылыс нысандары сотпен сот орындаушылар қарауына жолданған.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында Заң бұзушылықтарды жою бойынша басқарма тарапынан 64 нұсқама енгізілді. Оның 13 нұсқамасы орындалды, 39 нұсқаманың орындалу үстінде, ал қалған 12 нұсқама орындамағаны үшін бұзушылық жасаған тұлғалар 4,5 млн. теңге айыппұл салынды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы басқармаға жалпы 126 хабарлама келіп түсті. Олардың 108 жеке меншік нысандар, ал 18 бюджеттік нысандарға байланысты.
Қала аумағындағы құрылыс сапасын бақылау және заңсыз құрылыстарды болдырмау мақсатында басқарма тарапынан БАҚ және web-сайтқа бейне роликтер жарияланып, Фейсбук, Инстаграм әлеуметтік желілерінен парақшалар ашылып түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.