Басты бет > Саясат > Шымкент қаласында «BIRGE» жалпыұлттық акциясын басталды

Шымкент қаласында «BIRGE» жалпыұлттық акциясын басталды

Шымкентте «Nur Otan» партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық штабының ұйымдастыруымен «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды.

Акция 2019 жылғы 13 мамырдан 7 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша «Nur Otan» партиясының электоралды науқанының үгіт-насихат кезеңі шеңберінде өтеді.

Қалалық штаб жетекшісі, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов акцияның негізгі мақсаты мен міндеттері туралы айтты.

-Сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинау белсенділер мен кандидаттың сенімді өкілдері арқылы арнайы бланкілерде-парақшаларда жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинау www.toqaev2019.kz РҚШ сайтындағы #BIRGE арнайы айдарында; #Birge хештегі бойынша әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Twitter) жүргізіледі, – деді штаб жетекшісі және қала тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырды.

Шара барысында Штаб мүшелері мегаполис тұрғындарын және қонақтарын өз ұсыныстарын ашық айтуға шақырып, арнайы жәшикпен демалыс орындарын аралады.

Акция үгіт-насихат науқанының басым бағыттарының бірі болуға және Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруға азаматтардың тікелей қатысуы арқылы жақтастарды тартуға бағытталған. Алдағы жылдарда қоғам қажеттіліктері Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мықты және табысты Қазақстанды одан әрі дамытудағы стратегиялық бағытын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар жұмысының басты басымдығы болуы тиіс.

Медиаон ақпарат