Басты бет > Қоғам > Шымкент қаласында 21661 кәсіпорын жұмыс жасайды

Шымкент қаласында 21661 кәсіпорын жұмыс жасайды

Ұжымдық шарт жасасу бойынша

Шымкент қаласы бойынша

2019 жылдың басында жұмыс жасап тұрған жалпы 21661 кәсіпорынның (592 мемлекеттік және 21069 жекеменшік) 1033 (4,8%) кәсіпорында ұжымдық шарт жасалған (оның ішінде: жұмыс жасап тұрған мемлекеттік кәсіпорын 592 немесе 100% және жекеменшік кәсіпорын 441 немесе 2,1%), ал 20628 (95,2%) мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған.

Еңбек шартын жасасу туралы

Еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында «Еңбек шартын жасаңыздар» атты Республикалық акциясы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен келісіліп, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітіліп, іске асырылуда.

Шымкент қаласы бойынша:

Осыған байланысты 3 мекеменің жұмысберушілері мен 86 жұмыскерлері арасында еңбек қатынастары заңдастырылған.

Сондай-ақ, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізу бойынша Шымкент қаласында

орналасқан 394 мекемеде 30948 еңбек шарты жобаға енгізіліп, аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Кәсіподақтар орталығы жанындағы татуласу орталығы

Орталықта жалпы 392 адамға көмек көрсетілген.

Оның ішінде, дауларды шешу бойынша 242 адамға және психологиялық көмек көрсету бойынша 150 адамға көмек көрсетілген.

Медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтар 242 болса, оның барлық 242-сі бітімгершілікпен сәтті аяқталған.

Оның ішінде, еңбек дауы бойынша келгендер 16 болса, оның барлық 16-сы да бітімгершілікпен сәтті аяқталған.

Кәсіподақтар орталығы жанындағы «ПРОФТУР» туризм орталығы

Бүгінгі таңға кәсіподақ мүшелері мен өңір тұрғындарының қажеттілігіне сәйкес 13 шипажаймен агенттік келісім жасалған.

Бүгінгі күнге жолдама сату жұмыстары басталып, алғашында жалпы 63 жолдама өткізілсе, оның 59-ы шипажайларға және 4-уі балалар жазғы лагеріне берілген.

Арысқа көрсетілген көмек

Төтенше жағдайға байланысты Арыс қаласынан келген азаматтарға жалпы сомасы 720,0 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

Оның ішінде азық-түліктер және киім-кешектер, төсек орындары, тазалық заттары, балалар ойыншықтары, және тағы басқа да керекті заттармен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, «Южказпрофсервис» ЖШС-нің есебінен 4 мезгіл ыстық тамақ берілді.

Медиаон ақпарат