Басты бет > Қоғам > Шымкент қаласында ҚР Президентінің сайлауы өтті

Шымкент қаласында ҚР Президентінің сайлауы өтті

2019 жылдың 9 маусымы – ҚР Президентінің Сайлауы күні. Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден басталды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов А. Пушкин атындағы N1 мектеп-гимназиясындағы 92 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

– Бұл саяси іс-шара – еліміз үшін өте маңызды. Ең бірінші болып, әріптестеріммен бірге келіп дауыс беруді ұйғардым. Бұл – болашағымды таңдау. Барша қала тұрғындарын өз Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Бәрінде өз таңдау құқығы бар, – деді қала әкімі.

Еске салсақ, бұл сайлау учаскесінде жалпы 2504 сайлаушы тіркелген.

Медиаон ақпарат