Басты бет > Саясат > Шымкент қаласында старт-ап жобалары бойынша «I-SHYMKENT» байқауы жарияланды.

Шымкент қаласында старт-ап жобалары бойынша «I-SHYMKENT» байқауы жарияланды.

36
views

 

Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерді арттыру. Жастарды кәсіпкерлікке баулу.

Байқаудың міндеттері:

— ғалымдардың, инженерлік-техникалық жұмысшылардың, өнертапқыштардың, аспирант, студенттер мен оқушылардың инновациялық ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;

— жастарды ғылыми-зерттеу қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу;

— жастардың зияткерлік әулетін Қазақстан Республикасының ғылыми- техникалық және әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларын шешу жолында қолдануға жағдай жасау;

— отандық инновациялық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу;

— энергия және ресурс үнемдеу технологияларды, ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға бағытталған прогрессивті және жаңашыл жобаларды қолдау.

Байқау ұйымдастырушылары – «Ordabasy film» ЖШС, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі (бұдан әрі — Ұйымдастырушы).

Байқауды өткізу уақыты мен кезеңдері

I кезең (2018 жылғы 11 – 2018 жылғы 18 мамыр) Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу, жобаларды сараптау және іріктеу, конкурстық іріктеу;

II кезең (2018 жылғы 19 мамыр) Байқаудың нәтижелерін бекіту, жеңімпаздарды марапаттау;

Байқауға қатысу үшін Шымкент қаласы, 8 мөлтекауданы, үй 7а, «Ordabasy film» ЖШС-нің кеңсесінде өтінім үлгісін толтыру қажет немесе (эл.почта – ishymkent.startup@bk.ru) жолдау қажет.

Байқау ережесін мына сілтемеден жүктей аласыз: Ереже — I-Shymkent

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *