Басты бет > Хабар > Шымкент қаласында полицейлер арасында мерген қызды анықтады.

Шымкент қаласында полицейлер арасында мерген қызды анықтады.

Фото Оқо Ііда.2018 жылдың 3 наурызында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай Шымкент қаласындағы «Динамо» стадионында атыс қаруынан полиция қызметкерлері арасында 9-мм макаров тапаншасынан атыс жарысын өткізді. Макаров табельдік қару

тапаншасынан ату жарысына Шымкент ҚІІБ және оған бағынысты полиция құрылымдарының қызметкерлерінен құралған 6 команда бәсекеге түсті. Әрбір команда 25 метр қашықтықта тапаншадан ату жаттығу практикасында өз шеберліктерін көрсетті. Жарыстың ашылуында Шымкент ҚІІБ бастығының КЖБ орынбасары полиция полковнигі Б.Алдабергенов қыз-келіншектерді мерекемен күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы командалық есепте Шымкент ҚІІБ-ның қыздары жеңіске жетті, екінші орынды Шымкент ҚІІБ-ның Еңбекші ПБ алды, ал үшінші орынды Шымкент ҚІІБ-ның Әл-Фараби полиция бөлімі иеленді. Жарыстың соңында барлық қатысушыларға қызметте алда болуды тілеп, ал жеңіске жеткен командаларға медаль мен кубок тапсырылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.