Басты бет > Саясат > Шымкент қаласында «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласы аумағында 2019 жылдың 24-27 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикациялық акциясы өтуде.

Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оның жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Отбасы жанжалдары кезінде өңірлерде сенім телефондары, қауырт желі жұмыс істеуде екенін және дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа жеткізу болып табылады.

На данном изображении может находиться: 5 человек, люди сидят и стол

Атап айтсақ, Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикалық туралы» Заңы насихатталуда. Осы мақсатта көпшілік жиналған орындарда халықпен кездесулер өткізілді. Соның бірі қала орталығынан шалғай орналасқан Сайрам елдімекенінде отбасы жанжалдарының алдын алу мақсатында Қаратау АПБ қызметкерлері, аудан прокуратурасының аға прокуроры Б. Тұяқбаев, аудан әкімінің бөлім басшысы Бердибекова, қала әкімінің жанындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Самғау-сенім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы А. Сарыбаева, қаланың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Г.Мамбетова, «Сана сезім» үкіметтік емес мекемесінің маманы С.Сағынбектермен бірлесіп, көпшілік шоғырланған орталарға барып, кездесулер, жолда қабылдаулар өткізіп, олар ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы толық мағлұмат жазылған кітапшалар таратылды.

Медиаон ақпарат