Басты бет > Спорт > Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 30 спорт мекемелері мен кәсіпорындары және 1 акционерлік қоғам жұмыс атқаруда

Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 30 спорт мекемелері мен кәсіпорындары және 1 акционерлік қоғам жұмыс атқаруда

Атап айтқанда: 2 жоғары спорт шеберлер мектебі, 18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервін даярлау орталығы, 3 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 5 спорт клубы, «Ордабасы» кәсіби футбол клубы және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңда, қала көлемінде 61 (37 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.

2019 жылдың 6 айында қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 272 алтын, 256 күміс, 278 қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары, 32 алтын, 14 күміс және 17 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары, 12 алтын, 6 күміс және 8 қола медальге ие болды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының сапына енген Шымкент қаласы спортшыларының өкілдері: ересектер – 433, жастар – 413, жасөспірімдер – 226 спортшы.

2019 жылдың 6 айында 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 80 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 161 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Спортшылардың Әлем чемпионаттардағы жетістіктері:

Ағымдағы жылдың 18-25 мамыр аралығында Токио қаласында пауэрлифтингтен жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында 2-орын иеленген спортшылар:

-жасөспірімдер арасында Кувалдин Иван, Юсупова Альбина, Рашидова Екатерина, Кураев Кенан, Кураев Шариф 1-орын; Расулов Мансур, Абдурашидов Абдурахман;

-1орын -жастар арасында Ким Андрей, Шамуратов Фуркат, Тойханова Гульчехра ;

– 2 орын – Николаева Алевтина, Тулегенов Куанышбай;

-3 орын -Левенчук Сергей, Шаукатов Данияр, Рашидов Анатолий, Махмудов Алишер

-ересектер арасында Хан Ксения 1-орынды жеңіп алды.

1-8 маусым аралығында ауыр атлетикадан Сува қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатынан Ахмерова Дарья 1-орынды жеңіп алды.

Шымкент қаласында 2019 жылдың 6 айында өткізілген халықаралық және республикалық спорттық іс-шаралар:

4-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының 5-ші Жазғы спартакиадасының ашылуы және ересектер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты;

16-19 ақпан аралығында ересектер арасында Армреслингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты;

17-23 ақпан аралығында жастар арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты;

24-27 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Қысқы жастар ойындарының ашылуы және шорт-тректен финалдық жарыс;

11-13 наурыз аралығында үстел теннисінен Ақпан Батырды еске алуға арналған Халықаралық турнир;

25-26 мамыр аралығында «Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup» триталоннан Азия Кубогі;

5-9 маусым аралығында Көркем гимнастикадан құрметті спорт шебері Алия Юсупованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир;

10-16 маусым аралығында теннистен ересектер АТР Shymkent Challenger турнирі;

12-15 маусым аралығында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Т.Сайхановты еске алуға арналған 6-шы Республикалық турнир;

19-22 маусым аралғаында Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевты еске алуға арналған XXVІ Ашық Республикалық турнир;

24 маусым – 1 шілде аралығында жасөспірімдер арасындағы «Taem Series 12 & Under» теннистен Қазақстан Республикасы Кубогі.

Медиаон ақпарат