Басты бет > Спорт > Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемелері жұмыс жасайды.

Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемелері жұмыс жасайды.

Олардың қатырында «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы, 2 жоғары спорт шеберлер мектебі, 18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервін даярлау орталығы, 5 спорт клубы, «Жеңіл атлетикалық спорт кешені», «Орталық су-спорт кешені», «Қажымұқан атындағы орталық стадион», дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері бар.

Аталмыш мекемелерде 1107 жаттықтырушы 18 796 спортшымен жұмыс жүргізуде.

Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев баспасөз-брифингінде мәлімдеді. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Бірақ, осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін де жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Бұл әлсіздікке мойынбас үшін күнде таңертеңгілік уақытта 20-30 минуттай ертерек тұрып шама келгенше жүгіріп, секіріп әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап соңынан салқын сумен шайынып денені шынықтыруға болады ғой. Бірақ көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей есейген соң жалқаулықтың құрсауынан босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әртүрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Денсаулығымыз мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет. Олар: дене еңбегі, тамақты уақтылы ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты – бақытты өмір сүру!

Медиаон ақпарат