Басты бет > Білім > Шымкент қаласында жарнаманы орналастыру үшін қандай талаптар қойылады?

Шымкент қаласында жарнаманы орналастыру үшін қандай талаптар қойылады?

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» N 508 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты (19 жылдың 11 сәуірінде күшіне енді), азаматтар арасында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға рұқсат алу үшін қандай рәсімдерді өту қажет екендігі тұралы сұрақтар туындауда.

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7 тармағына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдермен жүзеге асырылады:
— эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды алу;
— эскизді (эскиздік жобаны) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісуден өткізу;
— сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнату.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 8 тармағына сәйкес, СЖТ және техникалық шарттарды алу, эскизді (эскиздік жобаны) келісу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру.

3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» N 508 Заңының 11 бабынын 2 тармағына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына» ММ жіберілген жағдайда жол беріледі.
Хабарламаға қоса тіркеледі:
— сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
— Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
— Нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

4. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға салық салу Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 10 параграфына сәйкес реттеледі.

Медиаон ақпарат