Басты бет > Саясат > Шымкент қаласында жалпы сенбілік өтті

Шымкент қаласында жалпы сенбілік өтті

ШЫМКЕНТТЕ #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN СЕНБІЛІГІ ӨТТІ. Тазалық шарасына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қатысты.

– Бүгін біз ҚР Премьер-Министрі қолдаған #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қолдау көрсетіп отырмыз. Әсіресе, қаланың шет аймақтарына көңіл бөлу керек. Әр азамат, әр тұрғын өз айналасын таза ұстауы керек. Болашақта Шымкентті таза әрі жасыл қала ретінде көреміз, – деді қала әкімі.

Әкімдікке қарасты түрлі басқармалардың қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар сенбілікке белсене қатысып, Ақтас қоқыс полигоны мен Шымкент-Ташкент тасжолының бойындағы қоқысты тазалады.

Жалпы, сенбілік қаланың бірнеше жерінде өтті.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ақтас полигоны маңындағы сенбіліктен кейін Шымкенттегі Есіл және Өндіріс көшелерінің бойындағы тазалық іс-шарасына қатысты. Мұндағы №2, 3 және 4 үйлердің аулалары тазартылып, тұрғындар жаппай қоқыс шығарды.

Қалалық ТҮКШ басқармасының мамандары көшеге жарықшамдар орнатты. Дүйсенбіге дейін тағы 6 жарықшам бағанасы орнатылмақ. Әл-Фараби аудан әкімдігінің бастамасымен балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.

   

Үкімет басшысы қолдаған TazaQazaqstan сенбілігі Шымкентте жаппай өтті. Үшінші мегаполис әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ақтас полигоны маңындағы сенбіліктен кейін Шымкенттегі Есіл және Өндіріс көшелерінің бойындағы тазалық іс-шарасына қатысты.

Мұндағы #2, 3 және 4 үйлердің аулалары тазартылып, тұрғындар жаппай қоқыс шығарды.

Қалалық ТҮКШ басқармасының мамандары көшеге жарықшамдар орнатты. Дүйсенбіге дейін тағы 6 жарықшам бағанасы орнатылмақ.

Әл-Фараби аудан әкімдігінің бастамасымен балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.

ҚР Премьер-министрі А.Маминнің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен #Birge #TazaQazaqstan акциясына Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшылығы тарапынан 5 жол авто көлік ұйымдастырылып басқармаға қарасты мекемелер арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Шымкент -Ташкент авто жолы бойындағы «Ақтас» полигонының аймағын тазалық жұмыстарына атсалысуға жұмылдырылды. “Shymkent – taza qala” деген ұранмен ерекше белсенділігін танытты.

Медиаон ақпарат