Басты бет > Саясат > Шымкент қаласындағы 4 кәсіпорынның арызданған 23 жұмыскер алдындағы 16,7 млн. теңге жалақысы толығымен өтелген

Шымкент қаласындағы 4 кәсіпорынның арызданған 23 жұмыскер алдындағы 16,7 млн. теңге жалақысы толығымен өтелген

Бұл туралы Шымкент қалалық еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының  басшысы, бас мемлекеттік ңбек инспекторы –Б.Қалжанов мәлімдеді.

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы 2018 жылдың 18 шілдесінде құрылған болатын. Өздеріңізге белгілі 2018 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың басында есеп берген болатынмын. Енді 2019 жылдың 6 айындағы атқарылғын жұмыстар жайында баяндайтын болсам.

Ережеге сәйкес Басқарма негізгі екі бағытта жұмыс жасайды:

1) ҚР Еңбек кодексінде қарастырылғандай жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғап, жалақы қарыздарын анықтап-төлету шараларын қарастыру, еңбек даулары мен шиеленістердің алдын алу;

2) «Халықтың көші-қоны туралы» және «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңдарына сәйкес жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту және этникалық қазақтарға «оралман» мәртебесін беру болып табылады.

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Бас прокуратурасының біріңғай жүйесіне енгізіліп, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде тиісті іс-шаралар жүргізуде:

Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау бойынша:

2019 жылы 6 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан барлығы 152 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 131 заң бұзушылық анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтардың негізінде 68 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 5,4 млн. теңге көлемінде 40 айыппұл салына отырып, жалпы 110 жұмыскердің 10,2 млн. теңге жалақы қарыздары мен пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының күндері үшін өтемақы төлемдері өндірілді.

Сонымен қатар, салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға өткізіліп, олар тиісті жұмыстарын атқаруда.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша:

2019 жылдың 6 айында орын алған 23 жазатайым оқиға салдарынан 24 адам зардап шегіп, оның 3-і қайтыс болды. 1 топтық жазатайым оқиға нәтижесінде 2 адам зардап шеккен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» №790 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған мақсаттық индикаторлардың Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға оқиғалардың жилік коэффиценті) 2019 жылдың соңына дейін – 0,32 болып бекітілген. Бүгінгі күнге орындалу көрсеткіші – 0,08%-ды көрсетіп отыр. Жүргізілген тексеру материалдары процесуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау оргондарына жолданылған.

Жалақы қарыздары бойынша:

Бірнеше жылдан бері жалақы қарыздарын өтемей келген 4 кәсіпорынның 23 жұмыскер алдындағы 16,7 млн. теңге жалақысы толығымен өтелді. Тиісті жұмыстар жасалуда.

Еңбек шартының заңсыз бұзылу жағдайы бойынша 3 жұмыскер қайта өз лауазымына орналастырылды.

Жалақысы төмен қызметкерлерге жалақының өсіру бойынша:

Қаладағы жалақысы төмен жұмысшылардың айлық табысын көтеру жұмысына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб құрылған.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге – 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру тапсырмасын Шымкент қаласында іске асыру мақсатында жедел түрде жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру жұмысына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб (бұдан әрі – Штаб) құрылып, 70-тен астам ірі және орта кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Этникалық қазақтардың көшіп келуі бойынша:

Елбасының 2019 жылғы 16 наурыздағы қауіпсіздік кеңесіндегі этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмасымен бір реттік акциясы ретінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу

мақсатында 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Осының негізінде бір реттік жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін 159 отбасы 260 адамға оралман мәртебесі ұзартылды.

Сонымен қатар 2019 жылғы 20 мамырдағы Шымкент қаласының әкімінің №420 Қаулысына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басқаруына өтті.

Орталық қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету болып табылады. Ақпараттық және анықтамалық қызмет көрсету. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1. Ақпараттық-анықтамалық қызметтерді ұсыну;

2. Мемлекеттік тілді, қалауы бойынша орыс тілін үйрету;

3. Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін, заңнамалық негіздерге және шағын бизнес ашу курстарын өткізу;

4. Әр түрлі мәдени шаралар өткізу;

5. Құқықтық көмек көрсету (кеңестер, консультациялар және тіркелуге көмектесу, оралмандардың көшіп келу квотасына енуге, азаматтық алуға, әлеуметтік жәрдемақылар алуға өтініштер беруге);

6. Аударма бойынша қызмет ұсыну;

7. Жұмысқа орналастыруда, кәсіби даярлауда, қайта даярлауда және біліктілігін арттыруда көмек көрсету;

8. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

9. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу;

10. Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу.

Бүгінгі таңда орталықта 22 отбасынан 50 адам қоныстанып, бейімдеуден өтуде.

Медиаон ақпарат