Басты бет > Қоғам > ШЫМКЕНТ қаласындағы ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСКЕ ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

ШЫМКЕНТ қаласындағы ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСКЕ ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу бірінші сессиясы өтті. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қатысқан сессия отырысында жалпы 22 мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапқан.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы білім, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының есебі тыңдалып, депутаттар шешім жобасын бірауыздан қолдады. Бәрі де мәслихаттың фракциясында егжей-тегжейлі талқыланған.

Жиында “2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы”, “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы” мәслихат шешіміне өзгеріс енгізілді.
Сондай-ақ, сессияда қала әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңеске жаңа мүшелер қабылданды. Оған, ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысы М. Базарқұлов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Текебаева, сондай-ақ кәсіпкерлік және спорт саласының бірқатар белсенді жастары кірді.

Медиаон ақпарат