Басты бет > Хабар > Шымкент қайырымды қала!

Шымкент қайырымды қала!

#Қайырымды_қала_Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай игі істер жалғасуда. Қала әкімі Erlan Aitakhanov тың тапсырмасына сәйкес бүгін орталық “Ақ мешіт” мешітінде Абай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, көмек берілді.
Қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді. Қайырымдылық шаралары мұнымен шектелмейтінін, қоғамдағы әлсіз топ мүшелері қашан да қамқорлықтан тыс қалмайтынын атап өтті.
#жақсылық_жасап_жарысайық