Басты бет > Саясат > Шымкент Шаһарының әкімі МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «БИЫЛҒЫ ІС-ШАРАЛАР ҚАЛАМЫЗДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛІН ӨСІРЕДІ»

Шымкент Шаһарының әкімі МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «БИЫЛҒЫ ІС-ШАРАЛАР ҚАЛАМЫЗДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛІН ӨСІРЕДІ»

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «БИЫЛҒЫ ІС-ШАРАЛАР ҚАЛАМЫЗДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛІН ӨСІРЕДІ»

Биыл Шымкент — ТМД елдерінің мәдени астанасы. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл Шымкенттің халықаралық аренада танылуға алғашқы қадамы екенін атап өтті.

Шымкент қаласының ЮНЕСКО-мен бекітілген 2200 жылдық мерейтойына, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына, Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар өтетінін мәлімдеді.

Ескі қала – Цитадельдегі құрылыс аяқталып, биыл пайдалануға берілетіні де айтылды.

 

ШЫМКЕНТ: 2020 ЖЫЛЫ 3 САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Олар: Әкімшілік-іскерлік орталығы, №1 автожол бойында және «Қасірет» мемориалының жанында. Ташкент, Түркістан және Бозарық бағыттарындағы қалаға кіре беріс жолдардың бойы абаттандырылады.

Одан бөлек, 4 аудан әкімдеріне тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешуге биылғы жылы біршама қаржылай мүмкіндіктер берілді.

Әр ауданға 1 млрд.теңгеден қаржы бөлініп, көпқабатты тұрғын үй аулаларында 143 ойын және 79 спорт алаңшалары жөнделеді. Шет аудандардағы 39 көше жарықтандырылады.

Бұл жөнінде Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов есепті кездесу барысында мәлімдеді.

 

ШЫМКЕНТТЕ «ВОЛОНТЕРЛАР МЕКТЕБІ» АШЫЛАДЫ

2020 — «Волонтерлар жылына» орай Шымкентте ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Бүгін есепті жиналысында қала әкімі Мұрат Әйтенов Волонтерлар жылын ұйымдастыру үшін «Волонтерлар мектебі» ашылатынын атап өтті.

Ол жерде «Біргеміз» жалпы ұлттық жобасы; балалар үйі тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер» жобасы; «Шымкент-қайырымды қала» жобасы ұйымдастырылатынын тілге тиек етті.

Медиаон ақпарат