Басты бет > Мәдениет > Шымкент цирк пен  Запашный цирк ұжымдары  Оңтүстіктің киелі жерлеріне экскурсияға шықты

Шымкент цирк пен  Запашный цирк ұжымдары  Оңтүстіктің киелі жерлеріне экскурсияға шықты

Ресей Федерациясының Халық әртісі Мстислав Мстиславович Запашный бастаған өнер ұжымы алдымен  Шымкент қаласындағы Шәмші әлемі гүлзарына арнайы гүл шоқтарын қойды.Ондағы басты мақсат ән жырының әйгілі майталманы,компазитор Шәмші Қалдаяқовтың сазды әндерін дәріптеп, халыққа   кеңінен насихаттау.  Сондай-ақ,өнер ұжымы Ордабасы ауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мұражайына барып, күш атасының экспонаттарымен танысты.Күш алыбының қазақ цирк өнеріне қосқан үлесі орасан зор.Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап,ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен  кәсіпқой палуанның өнегелі өмірі барлық адамды қызықтырары сөзсіз.

Шара әрмен қарай,Оңтүстіктің тарихи, киелі жерлерін аралауға бағытталды.Яғни, Бәйдібек ауданында орналасқан «Ақмешіт» үңгірі ықылым заманнан бергі қатпар-қатпар тарихы бар, талай сырды ішіне бүккен киелі және тарихи мекендердің бірі. Өнер ұжымының бұл сапары қазақ елінің тарихы тереңде жатқан киелі мекендерінің мол мұрасына қанық болу.Ел аузында киелі аталып кеткен Ақмешіт үңгірі қаладан 70-80 шақырым қашықтықта орналасқан.Үңгірдің күмбез шаңырақты құрылымы адам ағзасына оң әсер етіп, келеңсіз ауру-сырқаудан арылтады. Ақмешітке кіргендердің бәрінің био өрісі қалыпты жағдайға түсіп, иммундық күш-қуаты көтеріледі.Оңтүстіктің киелі жерлері мен тарихқа толы шежіресін,мол мұрасын көршілес  Ресей әріптестеріне дәріптеу басты міндетіміз дейді Шымкент циркінің директоры Арман Махмутұлы Алиев.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.