Басты бет > Саясат > Шымкент: халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесіне басымдылық беріледі

Шымкент: халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесіне басымдылық беріледі

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел дамуына қарқын беретін Жолдауын түсіндіруде жұмыс тобы құрылды.

Оның құрамына зиялық қауым өкілдері, ұстаздар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлер қауымы кіріп, бүгін алғашқы отырысын өткізді.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында негізгі бес мәселеге тоқталды. Соның ішінде халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесіне басымдылық берді. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуда нақты тапсырмалар жүктеді. Әл-Фараби ауданында соңғы жеті айда 2 мыңға жуық арыз-шағым келіп түсті. Оның 80 пайызға жуығы қанағаттандырылды. Әлеуметтік желілер арқылы келген шағымдарды дер кезінде қарап, шешу жолдарын қарастырдық, – деді аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Сәкен Аралбайұлы білім сапасын жақсарту, цифрландырудың үлкен мүмкіндігі, ақылды қала жобасының тиімділігін көпшілікке тарқатып айтты.

Кезекті сөз алған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Төрайым Сұлтанова, ардагер-ұстаз Баян Жандосова жолдауда айтылған ұстаз мәртебесі, отбасы және бала институтын даытуда жайын талқыға салды. Басқосу барысында аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов қатысушылар тарпынан айтылған ұсыныстардың ескерілетінін жеткізді.

Медиаон ақпарат