Басты бет > Хабар > ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕДІ

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕДІ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева айтты.

Қала әкімінің орынбасары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» министрліктің 2020 жылғы 26 наурыздағы №11 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріп, осындай қолдау шараларымен ел аумағында шамамен 1,5 млн. азамат қамтылатынын мәлімдеді.

Табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алуға өтінім беру жүйесі жеңілдегенін айтқан Жанат Өмірсерікқызы жаңа өзгерістер бойынша соңғы бір жылда бірыңғай жиынтық төлемін аударған кез келген азамат жоғарыда аталған төлемді алу үшін өтінім бере алатынын айтты.

Айта кетейік, әлеуметтік төлем алу үшін қаладағы 21 ұйымда жұмыс істеген 80 азамат «egov.kz» порталы арқылы өтінім берген.
Төлем алуға өтінім беру бойынша 1414 және 39-50-55 байланыс нөмірлері арқылы азаматтарға кеңес берілуде.

Медиаон ақпарат