Басты бет > Саясат > Шымкент: «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС ШАРАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкент: «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС ШАРАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы аумағында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының полиция қызметкерлерімен 2019 жылғы 7-13 тамыз аралығында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында отбасы тұрмыста жасалған 291 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (отбасы тұрмыста жасалған құқыққа қарсы іс-әрекеттер) -16, 73-1 бабымен (жеңіл дене жарақатын салу) -15, 440-бабымен (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу) – 254, 461-бабымен (қорғау нұсқамасын бұзу) – 6.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, 1152 құқық бұзушылықтарға бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді, 20 дәрістік іс-шаралар өткізілді, 3246 тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі буклеттер, жаднамалар таратылды. Тұрғылықты жері бойынша 6336 есепте тұрған адамдар тексерілді.

Сондай-ақ 72 тұрмыстық зорлық-зомбылық жайттары анықталды, оның ішінде сенім телефонына келген хабарламалар-5, профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторларымен анықталғаны – 29, келіп түскен өтініштер бойынша – 38. Барлық анықталған жайттар бойынша заңды шаралар қабылданды. Сондай-ақ отбасы тұрмыста құқық бұзушы 217 адам ІІО-ы есебіне алынды, олардың ішінен 180 адамның үстінен «қорғау нұсқамасы» қойылды, 7 құқықбұзушының мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді, есепке алынған 14 қолайсыз отбасы, 16 маскүнемге қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Медиаон ақпарат