Басты бет > Хабар > Шымкент – Түркиялық компаниялармен әріптестік қарым-қатынас орнатады

Шымкент – Түркиялық компаниялармен әріптестік қарым-қатынас орнатады

Қазақстан Республикасының үшінші қаласы Шымкент  АГРО-ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ бойынша  ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРҒА таныстырды.

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Shymkent» ӘКК» АҚ төрағасының орынбасары Р.Ерменбеков түркиялық «UYANIK YATAGANLI» компаниясы (бұдан әрі – Компания) өкілдерімен кездесті.

Аталған компания Түркия мемлекетінде ауыл шаруашылығы техникаларын өндірісін іске асыратын алдыңғы қатарлы компания.

Жиында компания өкілдері ауыл шаруашылығы техникалары өндірісін Шымкент қаласында іске қосу жоспары туралы хабарлады. Осыған байланысты, Басқарма басшысы А.Қаныбеков оларды Шымкент қаласының инвестициялық климаты мен инвестициялық мүмкіндіктерімен, мемлекет тарапынан инвесторларды қолдау бағдарламаларымен таныстырды және сонымен бірге, аталған жобаны Агро-индустриялық аймақта іске асыру мүмкіндігін атап өтті.

Өз кезегінде, компания өкілдері Шымкент қаласының және еліміздің ауыл шаруашылығы техникаларына сұранысы бойынша талдау жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлады. Осы мақсатта, Басқарма басшысы Шымкент қаласында егілген дақылдардың түрлері мен көлемі бойынша ақпарат ұсынып, компания өкілдері үшін өзекті сұрақтарға жауап берді.

Кездесу нәтижесінде тараптар жобаны іске асыру бойынша тығыз жұмыс істеуге келісті.

Медиаон ақпарат