Басты бет > Мәдениет > Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде ауқымды шараларды жүзеге асыруда

Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде ауқымды шараларды жүзеге асыруда

Еліміздің үшінші қаласы – 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде ауқымды шараларды сала-сала бойынша жүзеге асыруда. Соның бірі көне қала маңын, тарих сырынан шер сертетін ашық аспан музейін ұйымдастырып, қаланың өткенін – ТМД елдерінен келетін туристерге көрсету. Ол үшін қаланың орталығында орналасқан Ескі қалашықты қалпына келтіру шаралары кезең-кезеңімен жалғасуда. Айта кетерлігі қала қамалы осы күнге дейін сақталып, астынан құнды жәдігерлер аршылып алынуда. Жібек жолының бойында орналасқан қаламыздың тарихы тереңге бойлап, б.з.б 2000 жылдықты қорытындылап отыр. Шырайлы шаһар тұрғындары 2020 жылы болатын барлық рухани-мәдени шараларға дайын екендіктерін қуанып жеткізуде. Қаламызға дүние жүзі елдерінің көзі тігіліп, мәдени шаралар көптеп ұйымдастырылады деп күтілуде. Қазақстандағы өмір сүруге ең қолайлы қаланың халқы бүгінде 1 000 000 нан асып жығылып отыр. Мегаполистер қатарын толықтырған мекеніміздің мәдениеті – сонау ғасырлар таласқан тартыстан мұра болып қалғандай!

Медиаон ақпарат